«Қара алтынның» бағасы бүгінгі саудада өсті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
14:17 мск жағдай бойынша Brent маркілі мұнай мамыр фьючерстері лондондық ICE Futures биржасында 1, 87% қымбаттап, бір баррелінің құны $40,39 құрады. WTI мұнайының сәуір фьючерстерінің бағамын белгілеу Нью-Йорк тауарлық биржасында (NYMEX) көрсетілген уақытта 1,64% өсіп, бір баррелінің құны $37,10 құрады, - деп хабарлады Росбалт.
Сейсенбі күні мұнайдың Brent маркасы - 2,9%-ға, WTI маркасы - 3,7%-ға арзандаған еді.
Американдық мұнай институтының (API) ақпаратынша, елде мұнайдық тауарлық қоры өткен аптада 4,4 млн баррельге ұлғайды. АҚШ Энергия министрлігінің ресми деректері сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 18:30-да жарияланады. Bloomberg сауалына қатысқан сарапшылар қордың 3,5 млн баррельге дейін ұлғаятынын болжады.
Пікір қалдыру