Әнші Ерке Есмахан инстаграмдағы парақшасында Елбасымен бірге түскен фотосын жариялап, депутат болу ойы да жоқ еместігін жазған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ерке әлеуметтік желіде Елбасымен бірге «Жастық. Жігер. Еңбек» жастар форумында түскен фотосын жариялаған. Біріне: «Кеше Елбасымен бірге бір сахнада тұру бақыты бұйырды. Қуанышты бөліссе көбейеді. Осы суретті сіздермен бөлісуге асықтым» десе, екінші бір суретіне: «Осы тұрғанда бір ойым депутат болсам ба екен деп қоям» деген жазба қалдырған.
Қылықты әнші бұнысымен сахнадан саясатқа асыққан кей әріптестеріне қалжыңдағаны ма, жоқ әлде шынымен депутаттықтан дәмелі ме, ол жағын ашып жазбапты.
Пікір қалдыру