Мәжіліс ғимаратында смартфон ұстауға тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170708231112737_small.jpg

24 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің ғимаратында смартфон пайдалануға тыйым салынды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Аталған ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растап отыр. Ондағылардың айтуынша, Мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне смартфон пайдалануға шектеу қойылмақ. Қазір Мәжіліс үйінің кіреберісіне смартфондарды уақытша сақтайтын арнайы жәшіктер де орналастырылып жатқан көрінеді.

Парламенттің жоғарғы палатасы – сенатта да мұндай шектеу сәл кейінірек енгізілетіні белгілі болып отыр.

Бұған дейін 24 наурыздан бастап еліміздің мемлекеттік органдарына қарасты ғимараттар ішінде смартфондарды пайдалануға шектеу қойылатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда, Үкімет үйі мен бірқатар министрліктің ғимараттарына кіреберіске орнатылуы тиіс смартфон сақтайтын арнайы жәшіктер әлікүнге орнатылмай отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар