Астанада екінші рет шоу-айтыс өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baistars.kz-ке сілтеме жасап.
Ақындар мен әншілердің айтысы былтыр тұңғыш рет ұйымдастырылған болатын. Сол кезде көрерменнің қатаң сынына іліккен болатын. Көпшілік "айтысты бұлай қорлаудың керегі жоқ" деп, ендігі эфирге шығармауды талап етті. Дегенмен биыл қайта ұйымдастырылып, залда отырған көрермендердің айтуынша жоғары дәрежеде өткен. "Бүгін "Жұлдыздар айтысады" жобасының куәсі болып қайттық. Жүрсін ағаның (Ерманов - ред.) өзі айтпақшы қазақы қалжыңмен көңілді көтеретін, қазақша күлуге мүмкіндік жасайтын шоу. Былтырғы жылғы сыннан кейін бе, деңгей биыл өсіпті. Дайындық байқалады. Айгүл Иманбаеваның сырнаймен айтысу шеберлігін, өнер жолын айтыспен бастаған Еркін Нұржановтың шын айтысса әлі де бабында екенін көрдік. Қуандық. Мөлдір Әуелбековаға кішкене дайындық керек еді. Әттең-ай деп қалдық. Ал Қанат Әлжаппаровты осы жолы домбыраны үйреніп келеді-ау деп үміттеніп едік, баяғы әуеніне қайта басты. Мүмкін xалыққа бұ да керек шығар. Муxтар Ниязовов айтпақшы, "Қанаттан дұрыс сөз шығарғаннан, Өгізден сүт шығарған оңайырақ" - деп жазды Facebook парақшасына Абай Сейфуллаұлы.
Осылайша төрт жұптың ішінен нағыз шоу айтыс көрсеткен Еркін Нұржанов пен Шалқарбай Ақанов болды. Демеушілерден олар 1 миллион ұтысты қанжығасына байлады. Ал екінші орын Айгүл Иманбаева мен Мұxтар Ниязовқа бұйырды
Пікір қалдыру