ӨТЕУБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҒҰЛАМА

/uploads/thumbnail/20170708232635578_small.jpg

едицина ғылымының докторы МҰРАТ  ҚЫЗАЙБЕКПЕН БОЛҒАН СҰҚБАТ)

Сабырлылық па, салмақтылық па жоқ әлде жайбасарлық па? Әйтеуір біздің қазақтың неге болса да аспай-саспай тасбақа жүріспен  баратын бір мінезі бар ғой. Мүмкін солда дұрыс болар. «Асықпаған арбамен қоян алады» деп өзімізді-өзіміз ептеп мақтап қоятынымызды қайтерсің. Десек те күлі қазақ бөркін аспанға атып мақтанардай « Шипагерлік баянның» жарық жұлдыздай жарқырап жарық көргеніне де бақандай 21 жыл дың жүзі болып та қалыпты. Білген кісіге 21 жылда аз уақыт емес. Осы аралықта біздің елде яғни қазақ мемлекетінде  осындай ұлы мұраны күні бүгінге шейін жөнді тани алмай, жөргегінде тұншықтырып келеміз. Ал, сіздердің елдегі мемлекеттің қолдап-қуаттауы, зиялы қауымның зер сала  зерттеуі, халықтың қалтқысыз махаббаты  кісіні қызықтырып, көкейіңді  қытықтайды екен. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын»  дегендей, сіз медицинаның жілігін шағып, майын ішкен маман, әрі Іле қазақ облысындағы «қазақ дәрі-дәрмек зерттеу орталығының» орынбасар бастығы екенсіз. 

Мүке, бүгін сізді арнайы  іздеп келудегі мақсатым, осы әмбебаптық ұлы шығарма «Шипагерлік баянның» медицина саласындағы осыған дейінгі өздеріңіз сезінген әрі қолға алып отырған ғылми еңбектеріңіз жайлы білсем деген едім?

Иә,   Өтейбойдақ бабамыз 15- ғасырда өмір сүрген қазақтың қараүзген шипагері ғой. «Қараүзген» деген сөз қазір қолданысымызда болмаған соң, жай адамдар түсіне бермеуі де мүмкін. Өз замандында бұлай айтылған атақты қазіргі академик деген сияқты түсіну керек деп ойлаймын өзім.  Ол кісі  қазақ тарихынан ойып тұрып орын алатын медицина саласындағы әрі жаратылыс тану жағындағы әйгілі ғұлама ғалым. Біз Өтейбойдақ бабамыздың бізге жеткен осы кылассикалық кесек туындысын, түбегейлі қолға алып орнықты зерттеу жүргізгенімізге жеті, сегіз жыл болып та қалды. Бұнда біз, ғылыми жұмысымыздан  шашыратып шашау шығарып алмау үшін әуелі екі жақты бағытта зерттеуді ойластық. Оның бірі еңбектің  философиялық негізі, сол заманда қазақтар ауыруды емдегенде немесе науқастың алдын алу шарасында сондай-ақ дәрі-дәрмек жасағанда қандай философиялық негіздерге  сүйенді. Екіншісі, менің мамандығым фарматсия яғни дәрі жасау сондықтан фарматсилық бағытта зерттеу жүргіземіз.

 Дұрыс екен.  Нақтылай айтсаңыз екен?

Мысалы, Өтейбойдақ бабамыздың ең басты алты тұғұр назариясы бар ғой. Біз, осы назарияны тереңдетіп зерттеу жүргіздік . Алты тұғыр назария дегеніміз: Егер ашалап айтар болсақ: Үлкен алты элементті өз ішіне алатын ғаламат жүйе. Олар кеңістік тұғыр, тұрақ тұғыр, ыстық тұғыр, суық тұғыр, жарық тұғыр және қараңғы тұғыр деп аталады. Ал, енді осы алты өзегі тұғыр, бір-бірімен қарама-қарсылықта өмір сүреді де, бір- бірінен ешқашан айырыла алмайтын тығыз байланыста болады.  Осындағы өзегі кеңістік тұғыр дегеніміз: Негізінен адамзаттың кеңістіктен еншілеген (иелеген) орны әрі кез келген заттың қозғаласта бола алатын ауқым аймағын көрсетеді. Қазіргі тілімізде айтар болсақ, біріншісі,  әрбір заттың кеңістіктегі көлемі. Екіншісі қозғалыс күйіндегі иелеген ауқымы. Енді осыған қарама-қарсы өзегі тұрақ тұғыр. Өзегі тұрақ тұғыр дегеніміз, заттарды белгілі бір пішінге ие етіп тұратын тұрақтылық.  Мысалға: стол үстінде тұрған ыстакан десек, оны ыстакан етіп ұстап тұрған оның тұрақты пішіні.  Сонда өзегі кеңістік тұғыр дегеніміз, қозғалыстың негізі де өзегі тұрақ тұғыр тұрақтылықтың негізі болады. Сол тәрізді, өзегі ыстық тұғыр, табиғаттағы барлық адам, һайуанат немесе жансыз заттар болсын олардың бәрі де сырттан энергия сіміреді, сондықтан олар қалылыпты энергиясын жоғалтып алмай сақтап тұра алады. Осы энергияны қалыптан тыс асып кетпеуі үшін оған қарама-қарсы өзегі суық тұғыр деп аталатын бір элемент бар да ол төмендетіп энергияның тепе-теңдігін сақтап тұрады. Ал енді қараңғы тұғыр мен жарық тұғыр дегеніміз де, қараңғы тұғыр негізінен заттың мәнін, мысалға өзінің механизімін көрсетсе, жарық тұғыр оның құбылысы деуге болады. Мысалы: бір адам ауырып тұмау тисе, ол адам қызады, жөтеледі, тамағы ауырады дегендей. Міне бұл анық көрініп тұрған ауыру белгілері, жаңағы біз айтқан жарық тұғыр болады. Осы ауыруды тудырып тұрған вирос немесе бактерия  сондай-ақ басқа да себептер өте күрделі прассестің бәрі қараңғы тұғыр болады. Демек біреуі ішкі мәні де, біреуі құбылысы. Осы алты өзегі тұғыр бір-бірімен тығыз байланыста өмүр сүреді, ешқашан да бір-бірінен айырыла алмайды. Егер осы алтаудың біреуінде кінарат  байқалса, адам ағзасы сөзсіз ауыруға шалдығады. Бұл тек адам затына  ғана емес барлық тіршілік иесіне яғни  онсегіз мың ғаламдағы бүкіл затқа бірдей ортақ заңдылық.

Жарайды. Сонда Өтейбойдақ ғұлама бұл алты өзегі тұғыр назәриясын қайдан алды немесе қалай тапқырлыған деп ойлайсыз?

Сұрағыңыз орынды. Негізінде, алты өзегі тұғырдың қалай барлыққа келгені туралы  « Шипагерлік баянда» айтылмаған, немесе айтылса да кітаптің бізге  жетпеген  бөлегінде болар. Сондықтан біз көптеген материялдарды көріп басқа да ұлт медициналарымен бірлестіре отырып мынадай бір ойға келдік. Қазақ халқы бұрын шаман дінінде болғаны белгілі. Шаман діні бойынша  күнге табынған. Бірақ күнге табынғанда қалай болса солай емес, күн шыққан жаққа табынған. Шаман діні туралы Қазақстан,  Қытай, ағылшын, Үндістан сияқты елдерде жазылған ескі де жаңа әдебиеттерге  қарасақ, бақсы-балгерлер таңертең тұрған кезде қолын екі жаққа жайып алып күнге табынады екен. Осыдан маған мынадай ой келді: таңертең қолыңызды жайып күншығысқа қарап тұрғанда, алдыңыз жарық болады ғой, бұл жарық тұғыр , артыңыз қараңғы болады бұл қараңғы тұғыр.Сосын біз қазақтар солтүстік жарты шарда тұрмыз ғой, Оңтүстікке жүрген сайын ыси береді, ал сол қол бағытымен жүрсек барған сайын суиды емес пе? Ендеше, оң қол бағыт ыстық тұғырда, сол қол бағыты суық тұғыр болады екен. Сосын адамның тұрған орны тұрақ тұғыр да, үстіңгі бостық кеңістік тұғыр болады екен. Міне осыларға сүйене отырып  қазақтарға шаман діні арқылы келген болуы керек деп түйіндедім. Әрине, бұл менің логикалы ойлауымнан туындап отыр ған көзқарас қана. Басқаша болуы да мүмкүн. Дегенмен, бір нәрсе анық, бұл назәрия кездейсоқ келе қалған шаруа деу қиын. Бұл назәряның кереметі өмірдің , тіршіліктің, қоғамның барлық саласына келе беретіндігі. Мысалы: әдетте қоғамдық байланысты алсақ, сіздің бет әлпетіңізден  байқалып тұрған маған деген ыстық ықласыңыз, байқалып тұрған қуанышты көңіл күйіңізді  жарық тұғыр  деуге болады. Сіздің дәл қазір осы ұлы шипагерді қайтсем жарыққа шығарамын, қайткенде ел-жұрт түсіне алатын болады  деп іштей ойлап отырғаныңыз қараңғы тұғырға кіреді. Ал кеңістік тұғырға келсек, сіз белгілі абиомда бостықтан орын иелеп  қозғалып отырсыз, әрі бүкіл денеңіз, тіпті, ішкі организимдеріңізге дейін еркін қозғалыс күйінде тұр, міне бұл кеңістік тұғыр болғандығынан, сол тұғырда болып отырған жағдай. Егер кеңістік тұғыр болмағанда, сізде ешқандай да қозғалыс болмаған болар еді. Сіздің тек өзіңізге ғана тән түр-әлпетіңіз, бой-тұрқыңыз яғни сізге тән тұрақтылық тұрақ тұғыр болады. Ал ыстық тұғырға келсек, сіздің дене температураңызға   37°C  ыстық энергия жіберіп тұрған бір элемент бар яғни сырттан адам терісі арқылы жылу қабылдап тұрсыз, міне бұл ыстық тұғыр. Егер жылуды үздіксіз қабылдай берсе адам дене температурасы қатты көтеріліп күйіп кетуі мүмкін ғой. Сондықтан  темпраментті сақтау үшін денеден артық жылуды шығарып отырады. Бұл дегендік  өзегі ыстық тұғыр мен өзегі суық тұғырдың өзара заңды байланысы. Бұл жалпы тірі организімнің бәріне бірдей сақталатын заңдылық. 

Түсінікті болды. Енді нақтылы науқасқа қарата жасалып жатқан жұмыс жайына көшсеңіз?

Қазіргі ең қауіпты науқас рактің  механизімін зертегенде, ғылым -текникада жазылып жатқан зерттеу мақалалар ұшан теңіз, оны біз қашанда қалт жібермей көріп отырамыз. Осыларды жинақтап қарасақ, бұның механизімі өте күрделі екен . Мысалы, ол генге немесе белгілі бір белокке я болмаса белгілі бір микро елементке байланысты болуы мүмкін. Дәп басып мынау деу қиын болып отырған аса күрделі мәселе. Рактің механизімінің күрделілігі сол А , Б ға әсер етуі, Б,   С ға әсер етуі,   С ,  Д  ға әсер етуі ... осылай кете береді. Айналып соңы қайтадан А ға әсер етуі мүмкін. Сонымен байқасаңыз басы да, аяғы да жоқ осындай бір күрделі прассес. Сондықтан да ғалымдардың басы қатып не басын не аяғын табалмай отырған жайы бар. Бірақ қалайда оның бір басталу нүктесі  болуға тиіс. Осындағы А, Б, С, Д  ларды бір бірден пермент немесе белок десек, оларды бір  тұрақты тұғыр деп қарауымызға  болады.  Осылардың өзара күрделі байланысы қараңғы тұғырға жатады. Осы қараңғы тұғыр яғни күрделі байланыс барып ракті тудырады. Оны сыртқы формынан білуге болады. Біз бұл арада Өтейбойдақ бабамыздың алты өзегі тұғыр назәриясын қазіргі медицина ғылымымен ұштастырып, осы арқылы күрделі жағдайды қарапайымдастырып  отырмыз. Бұны ауыруға диягіноз қоюудың  тағы бір өзгеше  тәсілі десек болады. Бұрында бұның күрделі мәселе екендігін  білген, бірақ қарапайым мысалдар арқылы түсіндіруге тырысқан немесе жинақтап берген.  Қазір ғылым-текника дамыған заманда барлық зат күрделесіп ғалымдардың қиын жағдайға душар болып  отырған жайы бар. Сондықтан, онсызда күрмелген   мәселенің бәрін күрделестіре бермей осындай қарапайымдастыра қарасақ, менімше бір жаңа нәтиже шығып қалуы ғажап емес.

Ләйім сіз айтқандай болып, қазақ медицинасында әлемді мойындатар үздік жаңалықтар  пайда болсын дейік. Ал енді науқастың қайнар көзін таптық деген күнде оны жоя алатын дәрі көзі болуы керек қой. Бұл жағынан не дейсіз?

Өтейбойдақ та дәрі зерттеу саласы да үлкен бір тақырып, онда көптеген дәрілік заттардың аттары бар, өкінішке қарай бұлардың қайсысы қандай ауруға шипа екендігі анық жазылмаған немесе қытайдағы « қызыл қорғаушылардың»  “мәдениет төңкерісінде”   әубастағы кітаптің  үштен екі бөлегі күйгенде сонымен бірге күлге кеткен. Біздің басымызды қатырып отырған тұсы да осы жеры болып тұр. Егер осы мазмұны толық болғанда қазіргі қазақ ұлттық медицинасы әпсәтте-ақ  аспандап алға шығар еді. Біздің бағымызға қарай, аман қалған біраз ғана  ресептер бар. Біз қазір соның ішіндегі біреуін алып арнайы зерттеп отырмыз. Онда «СОЙҚАН деген өсімдіктің қабығын сылып алып етпен қоса қайнатып, ет пысқан соң етті жеп сорпасын ішсе, бұл демікпе ге ( асмаға) немесе жөтел сипатты  ауруларға өте пайдалы» делінген екен. Іздеп тапқанымызда, сойқан ағаш пен өскін ортасындағы бұта-бұрген  өсімдік екен. Бұл қазіргі усойқы деген өсімдік , тағы бір аты қасқыржидек.  Бұл жөтелге зор әсер ететіндіктен мүмкін рак кілеткасына да әсер беруі ықтимал деген оймен, мен осы өсімдікті   2008 жылы Ауыстрияға алып барып бір фрафессормен бірге зерттегенмін. Жалпы мен 11 түрлі шөпті алып барғанмын. Аққан түйіршек рагіне лабараторялық зерттеу жүргізгенімізде, осы 11 өсімдік ішінде сойқанның  ролы ең мықты болып шықты. Сосын ол ғалымдар да «бұл керемет дәрі екен» деп қызығушылық танытты. Сол нәтижемен қайтып келген соң Шинжиаң медицина университетінде менің жетекшілігімдегі бір аспирантым бар еді, сонымен бірге қайтадан тереңдей зерттесек, бұл тек аққан түйіршегі рагіне ғана емес қылтамақ рагі мен асқазан рагінеде күшті ем екені байқалды. Сонымен біз бұл ресепті халықараға « Шипагерлік баянда» жазылған деп мақала жарияладық. Осындағы лабараториялық  зерттеу нәтижемізді Ауыстриядағы ГРАЗ университетіне жіберген едік. Олар оны көрген соң , «саған грант берейік осында келгін бірлікте зерттейік» деп ұсыныс жасады.  Алдыңғы барғаным басқа университет болатын. Менің келісімім бойынша олар Оқу - ағарту міністірлігіне жолдама жолдап менің бір жылға баруымды шешіпті.  Барлық жағдай университет жағынан шешіліп қойған тағы айына зор көлемде ақша беру жағында белгілеп қойған.  Хабар келген соң, оларға мен бір жылға бара алмайтынымды тек үш айға ғана бара алатынымды осындағы жұмысымның шашетектен екендігін  айтып түсіндірген соң, оларда «жарайды, онда үш айға келгін деп» қосылды. Сонда барып қайтадан үш ай бірлікте зерттеу жүргіздік. Олардың шарт жағдайы бізден әлде қайда жақсы екен. Міна алдыңыздағы, сол кездегі СОЙҚАННЫҢ химиялық құрамын тексергендегі суреті.

Бұл жердегі аты ДАФНЕ АЛТАЙКА (Daphne altaica).  Бұл АЛТАЙ УСОЙҚЫСЫ деген сөз. Бұл жерде үш мемлекет ғалымдары бірігіп зерттеу жүргіздік. Мен қытайдан, үшеуі Ауыстрияныкі. Біреуі Шветсериядан. Бұл зерттеуде Усойқының  құрамында 14 түрлі элементің барлығын анықтап шықтық. Бұл табысымыз енді жаряланбақшы.

Екінші бір ресеп есебінде біздің  қасымызда  біздің зерттеу орнымызбен бірге  Шығыс медицина  емханасы бар , сол емхананың сүйек бөлімінде талай жылдан бері істетіліп кележатқан бір ресеп, ішінде ӨТЕЙБОЙДАҚ бабамыздың шипашағындағы шөптер де бар. Бұрын бұл ресептегі шөптерді ұнтақтап балға араластырып терінің сыртынан шаптайтын едік. Бұл жерде науқас сөзсіз емханаға ұдайы келіп дәкімен орату, әрі орамның қайта-қайта түсіп қалудай жағдайы қиындық тудра берген соң, біз осы мәселені дұрыс шешу үшін, қазіргі дамыған ғылым-текника арқылы формын өзгертіп ЖАПСЫРМА деп аталатын істетуге ыңғайлы дәрі жасап шықтық.  Бұнда ауыру адам емханаға келіп әуре болмай-ақ үйінде отырып тек өзі жапсыра салады. Бұнда тағы бір артықшылығы бұрынғы орамаға қарағанда сіңімі де жақсы, пайдасы да жылдам болады. Бұл негізінен буын, рематізім, желке , бел ауыруларына қарата істетіледі. Біз бұл өнімімізді мемлекеттік үлкен завоттардан шығаруға тырысып жатырмыз. Бірақ оған кленикалық даталар керек болып тұр яғни мемлекеттік сертипикаттар. Қазіргі таңда сол бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Құдай бұйырса мақсатымызға жетіп қалармыз. Өніміне келсек: біраз жылдан бері, ыстық өткізу арқылы емдеудей дәстүрлі әдіс пен салыстырып істетіп көрдік. Нақтылы материялдарды тексеріп көргеніміз де , ыстық өткізу дей дәстүрлі емнен гөрі мына әдістің өнімділігі анағұрлым көрнекті  болып шықты.

Үшінші. Өтейбойдақ бабамызда да айтылған әрі күні бүгінге дейін халқымыз қолданып кележатқан САҚАР. Бұл сақар деген белгілі бір өсімдіктің күлі болып табылады. Ал одан ҚАРАСАБЫН жасайды. Осы сақарды , алабота, сексеуіл сияқты өсімдік күлінен алады. Бірақ бұған әлі күнге дейін ешқандай сертипикат берілмеген. Біз осы түйінді ойлап оған ЫСТАНДАРТ  жасадық.  Онда тегі қандай болған да сақар болады, қандай болғанда сақар болмайды деген мәселені шешу үшін САҚАРДЫҢ химиялық құрамын тексеріп толықтай анықтап болдық. Оны жасау барысы былай, алабота мен сексеуілді күйдіріп, күлін сүзгі мен сүзіп аламыз, бетіне шыққан қара заттарды алып тастаймыз, таза қалған күлін суға қайнатамыз. Қайната берсек ең соңында шәй реңдес аппақ  затқа өзгереді. Міне соны САҚАР дейміз. Оның құрамындағы заттарды нақтылай кетсек, көбінеки  натри тотығының гидыранты, кали тотығының гидранты, көмір қышқыл натри , көмір қышқыл кали секілді заттар бар боп шықты. Көмір қышқылды тұздар мен натри тотығы, кали тотығы ортақтасқанда мөлшермен жалпы құрамның алпыс пайызын ұстайды. Бұның сыртында көптеген мекро елементтер бар. Мысалды, темір, мырыш дегендей. Бұл мекро элементтерде адам терісіне өте пайдасы бар заттар. Ал біздің бабаларымыз осы тері ауыруларына пайдасы зор екендігін  атамзаманнан ақ білген екен. Әрине біз заман талабына сай лабараторияық зерттеулер жүргізіп оның ғылыми негізін көрсетуіміз керек.  Бұл негізінен тері қышымасы, бөрткен, сондай-ақ жаңа туылған балаларды осы қарасабынмен жүындырған. Сонда баланың терісі әрі пысады, әрі шымыр болып жетіледі де ауыруға қарсылық қуаты мықты болады. Біз бұған мемлекеттік патент алып болдық. Енді зор көлемде шығарсақ деп отырмыз. Көп орындар біз шығарсақ деп қолқа салып та жатыр. Себебі, бұл бірінші кезекте балаларға өте пайдалы, қазірге дейін баларға арналған осындай емдіқ қасиетке ие өнім жоқ екен. Ал осы ресеп толықтай Өтейбойдақтан табылмаса да, шөп аты жазылып тұр. Әрі байқасаңыздар халық ішінде осы күнге дейін қолданып келе жатқан ем домдар, Өтейде де тұр. Бұл нені көрсетеді? Әсілінде, Өтейбойдақ қазақ халық емшілігін түк қоймай жеріне жеткізе жазған, өкніштісі жазбаның көп бөлегінің күйіп кеткенінде болып тұр.

Төртінші зерттеп отырғанымыз. Тобылғы майы.

Бұл тобылғы майы қазақ емшілігінде теміреткіге қолданған. Бұрын тобылғы майын алу үшін  тобылғыны отқа күйдіретін, сонда майы ағып шығатын. Сол майды алуші еді. Ал , біз, бұл ескі тасіл өнеркәсіпте ыңғайсыздау болғандықтан күйдірмей отырып ауа жібермей « құрғақ айдау» деп атаған тәсіліміз бойынша яғни қыздыру арқылы майын алдық. Бұндағы мақсатымыз өнеркәсіпке оңай айналдыруды көздейді.  Осы майды саңырауқұлаққа (көзге көрінбейтін мекро элементке)  тәжірибе жасап көрдік , сонда байқағанымыз төрт түрлі мекропқа әсері күшті болып шықты. Химиялық құрамын зерттегеніміз де, төрт түрлі элементтен құрам табатыны анықталды. Біз осыған ыстандарт жасадық. Жалпы айтқанда, біз жасап отырған  ғылми зерттеудің бәрі Өтейбойдақ бабамыздың алты өзегі тұғыр назәриясынан алшақ кете алмайды.

Айтпақшы, « Шипагерлік баянның» тілі күрделі, тіпті бір түрлі деугеде болады. Көп адамның түсіне алмаймай жүрген жәйі де  бар. Сонда сіздіңше осы тілінен бізге пайда берер тұсы бар ма? 

Иә.  «Шипагерлік баян» жөнінде әр маман, әр түрлі тақырыпта айтуына да, жазуына да болады.  Жеке өзіме  медицинасынан тыс тағы бір ерекше ұнайтын жері, осы, ТІЛІНІҢ кереметтігі дер едім. Мысалы: біздер күніне үш рет деп атағанымызды, Өтейде ТОЛЫҚ НӘУБЕТ деп,  бір күнде екі рет дегенді ШАЛА НӘУБЕТ, бір күнде бір рет дегенді ДАРА НӘУБЕТ  деп әрі қысқа әрі нұсқа айтқан. Сол сияқты күніне үш реттен жалпы жеті күн ішетін дәріні, Өтейбойдақ ЖЕТІ ТОЛЫҚ НӘУБЕТ деп қысқа да түснікті тілмен атай салады. Күніне екі реттен он күн ішесің дегенді, қысқа ғана ОН ШАЛА НӘУБЕТ деп береді. Міне осындай  бұгінгі медицинаға керекті керемет сөздер жетіп жатыр. Біз жаңадан қолға алынып жатқан қазақ медицинасына бАБАМЫЗДЫҢ осындай бұгінгі қолданыста жоқ сөздерін алып медициналық тілімізді әрі байытып әрі шұрайландырып отырмыз.

Өте дұрыс айттыңыз. Бұл медицина ғылымы біздің қазақ үшін жас ғылым ғой. Сондықтан көп атау терміндердің керек екендігі айдан анық. Бұл тұрғыда «Шипагерлік баянның» берері ұшан теңіз. Ал енді, бұрындары осы дәрі-дәрмекті қалай қолданғаны жайлы бір-екі ауыз айта кетсеңіз?

Өтейбойдақ бабамыздың дәрі жасау әрі дәріні немесе дәрілік затты сақтау жақтағы істеткен әдіс-айласы да керемет. Мысалы, шөп дәрілермен қоса һайуанат мүшелерінде дәрілікке істете білген ғой. Сол һайуанаттардың дәрілік мүшесін сақтап қалу үшін мынадай тәсіл қолданған екен.  Қайнап тұрған суға етті сала салып біраз тұрған соң ет су бетіне қалқып шыққанда , дереу етті алап алып салқын жерге кұрғатады , сонда ет ешқашан құрттамайды екен. Бұл тәсіл басқа ещқандай ұлт медицинасында жоқ әдіс. Ал түрлі-түсті емдік  өсімдік, гүлдерді  салқын жерге кептірген. Себебі күн нұрына кұрғатса исі кетіп қалады, әдетте гүлдердің емдік қасиеті оның аңқыған исінде болады. Кейбір улы заттарды істеткенде әуелі оның у күшін әлсіретіп адам ағзасына әсер етпестей болғанда пайдаланған. Мысалы, уғарғасынды тікелей ұнтақтап істетуге болмайды,  алдымен суға бір қайнатып алып суын төгіп тастап сосын қайта қайнатып істетеді екен.  Уғарғасынның пайдалы рөлы: ол буын ішіндегі сүйықтықтың қабынуына яғни пайда болған сары суды сорып алады.

 Демек сан ғасырлық тәжірибеден өткен ұтымды тәсіл екені көрініп тұр.

Дәрі демекші, «Шипагерлік баянда» дәрілік өсімдіктің түрі өте көп айтылыпты, осы өсімдіктер жөнінде қандай жұмыс атқарып отырсыздар?

Бабамыз кітабіндағы 700 ге тарта дәрілік шөптердің, бір бөлімін тапқандай болдық, қалғаны әлі ізденуді күтіп тұр. Онда бастысы шөптердің тек аты болған да, оның өң түсі болмаса пішіні не қазіргі замандағыдай суреті болмағандықтан, бізге мінау дәл сол шөп деп дәп басып айту жағы қиын болып тұр. Деседе бізге керегі, осыншама өсімдіктің дәрілік қасиетке ие екендігі. Ары қарай біздің батыл қадамдар жасап зеттеуімізге түрткілік рөл  атқарып отырғаны.

Соңғы сұрағым ретінде сізден сұрарым, қайткенде осы ұлы шығарманы толыққанды аша аламыз ?

Өз басым « Шипагерлік баянды» 7 , 8 рет мұқияттылықпен оқып шықтым . Сондағы байқағаным бұл кітап тек қана медицина ғылымы емес, сан салалы ғылымды шоғырландырған өте терең ғылымнама, әмбебаптық жойқын туынды. Бір адам физологиясын  айту үшін, табиғаттың жаратылысынан бастап  түсіндіру жүргізеді. Ойлап қарасаңыз адам табиғат туындысы екендігі шын. Ендеше еш уақттада біз табиғаттан бөлектене алмаймыз ғой. Табиғаттың әр бір өзгерісі адам баласының да табиғатына белгілі дәрежеде өз әсерін тигізіп отырады. Сондықтан адам физологиясына қандығу үшін әуелі табиғат дүниесін анық тану керек. Бұндай алып ғылымнаманы білу, бір екі адамның қолынан келе қоймайды, сол  үшін сөзсіз арнайы  зерттеу институтын құрып , мықты-мықты ғалымдардың басын қосатын орталық болуы керек. Сонда ғана бұдан ұлкен нәтиже шығаруға әлем жұртын мойындата алуға болады деп ойлаймын.

Қымбатты уақытыңызды бөліп, берген тұщымды сұқбатыңызға рахымет!

Сұқбаттасқан: Шаяхмет ҚАЛИ

Қатысты Мақалалар