Алматы әкімдігінің қызметкерлері велосипедке отыра бастады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708232643078_small.jpg

Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері жұмысқа велосипедпен келе бастады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарына есеп беру кезінде әкім Бауыржан Байбек өзі және әкімдіктің 86 қызметкері жұмысқа велосипедпен келуді дағдыға айналдыратынын айтқан болатын. Әкім бастамасын бағыныштылары екі еткізбей орындауда.

Күн жылынғалы бері әкімдік айналасында тұрған велосипедтердің де қатары көбеюде.

 

 

Қатысты Мақалалар