Қытайға жалға жер беру: қауіп па әлде үміт пе?

/uploads/thumbnail/20170708151645538_small.jpg

«Қазақстан солтүстік обылыстардың қазақ санын көбейтпек, бұған Қытай елі жәрдем бермек!», – деген тақырыптағы Қытай сайтында салынған ақпарат «Көкжал» жане «Қамшы» сайтында жарияланғаннан кейін Қазақ еліндегі ұлтшыл күштер мен қазақтілді сайттар арасында жаппай дүрбелең басталды. Істің анық-қанығына жетіп, терең сараптап, қауіптің қай жағынан екенін жане күткен қауіптің қандай дәрежеде екеніне талдау жасағанның орнына жаппай «Біздің солтүстікті Қытай басып алатын болды, біздің үкімет бізді сатып жіберді! Қазақ елі енді сорлы болып қалдық па?», – деген сияқты торығуға толы жазбалар қаптап кетті.

Ұлтшылдар құрылтайын өткізіп, «Ұлттық кеңес» құрған Мақсат Нұрыпбай бастаған қазақтың сәлихалы ұлтшыл саясаткерлерінің өзі қазіргі кезеңдегі нақты жағдайды ескере отырып, ақпараттық қысым мен, әскери агрессияның дауылы қайдан соғатынын біле тұра ақпараттық алаңды шаңдатып, негізгі жауды ұмыттыруға тырысқандай ыңғай байқатты.

Негізі бұл жерде Қазақ үкіметі жағынан әлі расталмаған, анықталмаған ақпаратты алаулатып, одан трагедия жасаудың қажеті жоқ еді. Бұл ақпаратты таратудағы мақсат мүлде басқа болатын. Біз бұл хабар арқылы қайта «Солтүстікті Ресей басып алады!» деген үрейді жеңілдетіп, елдің жүрегіне сонша үркектік ұялатпау үшін әкелген болатынбыз. Жане мақаланы толық оқыған адам бұл ниетімізді аңғара алар еді. Қазір басты қауіп Ресейден. Олай болса онсыз да «Солтүстіктен айырылатын болық!» деп үрейленген елге Қытай қаупі жайлы шулатып, одан әрі үрей тудырып, елді сужүрек ету кімге тиімді? Ел назарын қазірше Қытай қаупіне аударып, ұпай жинаудың қажеті жоқ. Қазір қысқа уақтта Қазақ Еліне Қытайдан қауіп төнбейді.

Оған төмендегідей фактілер келтірейік:

Бірінші: Қытай үкіметінің соңғы кездегі даулы жерлері мен аралдары жайлы Жапония, Филипин, Тайланд елімен болған таластарда Қытай ешқандай әскери агрессиялық әрекеттерге бармады. Бармады емес, бара алмады. Себебі: Қытай үкіметі үшін әскери агрессиялық саясат жүргізу – үлкен апаттың өзі екені белгілі. Қытай бір елге ашық соғыс арқылы жаулаушылық жүргізуге әлі де ерте.

Екінші: Қытай елі жан саны көп, көші-қон арқылы әлем елдеріне көптеп қоныстанғанымен, негізгі көші-қон бағыты ешқашан ислам елдеріне, әсіресе, «Тероризм» атауымен байланысқан елдерге көптен бағытталған емес. Кез-келген Қытай ислам елдерінен аяғын тартады. Біздің елді АҚШ, Жапония елдерімен салыстыруға келмейді. Әлемде ислам мемлекеттерінде Қытай саны өте аз. Соңғы жылдардағы Қазақстан елінде жасалған терактілер мен «Халифат сарбаздары» жайлы аңыздар Қытай елінеде үлкейіп жетіп, үрей тудырып жатыр. Сондықтан Қытайлар қазір аяғын аңдап басады.

Үшінші: Жалпы Орта Азия елдері Қытай үшін жайлы қоныс емес. Қытай дәл қазір Орта Азияға, жүйеден Қазақстанға ірі көлемде қаржы салып, көлемді зауыт-өндіріс орындарын құруға, қомақты сандағы қытайларды әкелуге тәуекел жасай алмайды. Себебі: Орта Азиядағы қартайған билеушілерден кейінгі мемлекет жағдайы, саяси тұрақтылық мәселесі қалай болатыны оларға белгісіз. Олар кез-келген уақытта «Украинадағыдай жағдай орын алуы әбден мүмкін!», – деп есептейді. Сондықтан Қытай елі Орта Азияға жүйеден Қазақстан еліне өз еліндегі тауарларды өткермелеп сатумен, тек сауда алыс-беріспен, шикізат көзі ретінде ғана пайдалана тұрады.

Бірақ, бұл үш түрлі факт арқылы Қытай қаупін түбегейлі жоққа шығару ойында емеспін. Қытай елі ежелден жымсыма, әлсіз, көші-қон саясаты арқылы өзге елдің жеріне ие болғысы келетіні тарихтан белгілі. Оны талай рет жазып та жүрміз. Біз Орынсыз айқай салып, елді одан әрі үрейлендірмей-ақ, Қытай қаупін «Халықтың көші-қон туралы заңына» өзгерістер енгізу арқылы толық шешуге болады. Қазіргі азаматтық беру мәселесін қайта қарау керек. Қазақстаннан қыз алған азаматтардың жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуын тоқтатып, шетелге тұрмысқа шыққан Қазақ қызын азаматтықтан шығару керек. Онсызда шеттегі қандастарымыздың азаматтық алуын қиындатып, «Батыстағы елдердің тәжірибесін қолданғыш үкіметке» осы талапты «Халық кеңесі» атынан шартты түрде қатаң қою керек. Осындай жағдайда қытай елінен қанша жерден көп санды еңбеккүш келген күнде Қазақ елінде заңды қалу мүмкіндігі азаяды. Әрі жемқорлық негізінде азаматтық алуға тосқауыл қойылады.

Ал «Қазақстан Солтүстік облыстардың қазақ санын көбейтпек, бұған Қытай елі жәрдем бермек», – деген мақаладағы ойымыз: Қытай қаржы күшінен пайдаланып, Солтүстікке Қазақстанның ішкі көші-қонын және сырттағы көші-қонын жандандырып, сол арқылы солтүстік облыстардағы Қазақтың санын арттырудың жақсы идея екенін айту болатын. Дәл қазіргі кездегі солтүстік үш облыстағы қауіпті уақытша азайтудың бір жолы осы.

Мен осы жоба арқылы болатын Қытай қаупіне емес, қайта осы жобаның шындығына және жане оны іске асырушылардың мақсатына алаңдаймын. Егер жоба расында жоғардағы мақалада көрсетілген шарттармен жасалса, онда дәл қазір ойбай салатындай қауіп жоқ! Біз шынымен осындай жоба іске асатын болса онда жоғарыдағы айтқан азаматтық алу мәселесі мен жоба шарттарының толық атқарылуын бақылауға алуымыз керек. Бұл жоба іске асса, Қытай елі солтүстікке қомақты қаржы салып, сол жерде ірі мүддесі болса, онда Ресейдің бірден-бір арқасүйер тиянағы болып отырған Қытай елі біздің жерді қарулы күшпен қорғамаса да, дипломатиялық тетіктерін іске қосып, өз мүддесін қорғайтын болады. Бұл өз кезінде Ресейдің қарулы шабуыл қаупін азайтарына септігі тиеді. Осындай ірі елдер арқылы ірі елдерді ноқталай тұру саясатын бір кездері Қытай үкіметі де қолданған болатын. 1905-1906 жылғы орыс-жапон соғысы соның дәлелі.

Россияға қарсы тұра алмаған әліз Мәнжу үкіметі Жапон елін соғысқа шақырып, Қытай өзінің Россия басып отырған Шығыс солтүстіктегі өлкелерін қайтарып алған болатын. Сондықтан Қазақ үкіметі қаупті Шынайы танып, осындай ақылды жоба жасап жатса онда оны құптап, жане ол жобаны бақылауда ұстау керек.

Мақсат Нұрыпбай: «Себебі, Қытай елі ұзақ мерзімге жалға алған жерге тек Қытайдағы қазақтарды жібереді және олардың Қазақстанға келіп өнім өндіруіне қомақты қаржы жұмсайды дегеніне ешкім сене қоймайды» дейді. Бірақ оған сенуге не сенбеуге факт келтіріп отырған жоқ. Бұл қауіпті де жеңудің жолы бар. Ол: «Халықтың көші-қон туралы заңын» өзгерту. Шеттен келген қандастарымыздың Қазақстанда тұрақты тіркеуге тұру, азаматтық алу немесе Қазақстанда еңбек істеуге құқық беретін көші-қон куәлігін жеңілдетілген тәртіппен беруді қайта қалпына келтірсек, онда Қытай елі өздері-ақ Қытайдағы Қазақтарды осында жұмысқа алуға мүдделі болады.

Себебі, Қытай қанша жерден өз қытайын ойласа да қазіргі қытай байларына аз ақша жұмсау, проблемасыз жұмыс істеуден ешқашан қашпайды. Шеттен келген Қазақты көші-қон полициясы тексермейді, аз ақшаға құжаттарын бітіріп беретінін білсе таңдау қазаққа түсері сөзсіз. Сондықтан да әр іске еркін сараптама жасай отырып, ойланып-толғанып, сараптамалық конференциялар ұйымдастыра отырып, ұлттық мәселемізді нақты іс-әрекетпен шешуге тырсайық дегім келеді!

Серік Мұратхан

altyalash.kz

Қатысты Мақалалар