Елордада 1 маусымда болатын мерекелік бағдарламалар белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709015945568_small.jpg

Елордада халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік концертке қызу дайындық жүріп жатыр. Бірінші маусымда Астанада 20-дан астам шара ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күні бойы «Тәуелсіздік» сарайында ашық есік күні, «Бала – мемлекеттің болашағы» көрмесі өткізіледі, ал «Алжир» мұражайында «Мы соскучились по материнским рукам» тақырыбында дәріс оқылады. Таңертең сағат 10:00-де ҚР Қаржы министрлігінің алдындағы және Оқушылар сарайының алдындағы алаңдарда, астаналық паркте және студенттік паркте мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталады. Астаналық паркте әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін «Балалардың күлкісі» және «Бақыттың бәрі балаларға» қайырымдылық жәрмеңкелері өтеді. Ақбұлақ өзенінің жағасында Streеt Workout-пен жаттығуға арналған алғашқы арнайы алаң ашылады. Сонымен қатар, жастар «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда Open Air және «Болашақ энергиясы EXPO-2017» шоу-концертін тамашалайды.

 

Қатысты Мақалалар