Велосипеді жоқ Ақтөбе әкімі велошеруге қатыса алмай қалды

/uploads/thumbnail/20170709020033366_small.jpeg

Ақтөбеде қала күніне орай бұқаралық спорт түрін қолдаушылар арасында велошеру ұйымдастырылды. Велошерудің жалпы қашықтығы — 6,5 шақырым, - деп хабарлайды Qamshy.kz Aktobenews.kz-ке сілтеме жасап.

Шараға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябақтан бастап, Әбілқайыр хан даңғылы бойымен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, ары қарай Ә.Молдағұлова даңғылы бойымен Есет батыр көшесіне бұрылып, Абай даңғылы арқылы Әбілқайыр хан даңғылына шығып, одан соң ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябаққа оралды.

Ақтөбе қаласында велосипед тебетіндердің қатары жыл сайын артып келеді. Бірақ арнайы веложолы жоқ. Жергілікті билік бұл жолы да велошеру өткізу үшін қаланың бас даңғылында көлік қозғалысып шектеді.

«Қаламызда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Қала күні де осы мереке аясында өтті. Өткен жылғы велошерулерге 150 адам қатысқан болса, биыл қатысушылар саны артты. Бұл бізді қуантады. Біз салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бұқаралық спорт түрін дамытқымыз келеді. Веложарыстарды алдағы уақытта жиі өткізуді ойлап отырмыз», — деді Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын.
 

Бұқаралық спортқа қызығушыларды қала әкімі спорттық киіммен келіп қолдады.
 

«Велосипедтім әлі әкелінген жоқ. Астанадан алдыртып жатырмын. Өзімдікін алдыртқан соң шерулерге қатысатын боламын. Бір жылдан бері велосипед тебумен тұрақты айналысып келемін», — деді Бекбол Сағын.

 

Қатысты Мақалалар