Әлеуметтік желіде «КТК» телеарнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі, Мәжіліс депутаты Артур Платоновты әжуалаған видео жарияланды -, деп хабарлайды Qamshy.kz .
Фейсбук әлеуметтік желісінде Артур Платонов туралы ресейлік әншінің әні желісінде түсірілген әжуа видео жарияланды.
Бұған дейін депутат-журналист жер реформасына наразылық білдіріп, бейбіт митингке шықпақ болған азаматтарды «Шетелдің ақшасына билікті басып алуға, қанды қырғын жасауға әрекеттенді» деп айыптаған болатын.
А. Платновтың бұл айтқандары ел арасында әр түрлі қабылданды. Үкімет жанындағы жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан А. Платоновқа халықты қараламау туралы ескерту жасаған болатын.