Осында біраз БАҚ президенттің мына сөзін тақырыпқа шығарыпты: "Қазақстан өз тәуелсiздiгiнiң бiр түйiрiн де ешкімге бермейдi". Меніңше, "түйірі" деген орынсыздау, "мысқалы" деген келетін сияқты... Бұдан екі тағылым тауып отырмын. - президенттің "Ни йоту Независимости Казахстан никому не отдаст" деген сөзін тура аударған тәржімашыларға сын. - осы сөзді президент әлемдік саммит төрінде қазақша айтқанда қалай болар еді? Бәрібір ол жиында көбісі ағылшынша ілеспелі аударманы тыңдайды емес пе? Оның үстіне орысша сөйлейтін Путин де жоқ дегендей...