Алматының Алғабасында тағы шу шықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709023101442_small.jpg

Алматының Алғабас ықшамауданындағы қисайған үйден өзге үйлердің тұрғындары да жанұшыра шулап жатыр. Оларда бір күні үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқады. Айтуларынша, онсызда сапасы күмәнді үйлердің жертөлесін су басып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Алғабастағы үй апатты деп танылған соң өзге тұрғын үйлердің де халқы қауіптене бастады. Әсіресе, шатырынан су өтіп, қабырғасы құлап, жертөлесі көлшікке айналған үйлердің тұрғындары біздің шағымға ешкім құлақ аспайды деп наразы.

ҚҰРМАНҒАЛИ ИМАҒАМБЕТОВ, Алғабас тұрғыны:

- Үйді жасамаған ғой, апыл-ғұпыл жасай салған, үкіметтің отчетында бар, болды. Ал халық қалай тұрып жатыр, онымен ешкімнің шаруасы жоқ.  

Бұл тұрғындар 15-20 жыл үйдің кезегінде тұрып жаңа баспаналарына 2 жыл бұрын қол жеткізген. Алайда қуаныш көпке созылмады. Сапасыз құрылыс бірнеше айда сыр бере бастаған. Ғимараттың олқылықтары өз алдына оның айналасына арық жүйесі дұрыс жүргізілмепті. Бір аулада орналасқан 45, 46, 47, 49 үйлердің жертөлесін су басқан. Шатырдан аққан су да, көшемен келген су да үйдің астыңғы қабатына жиналады. Өзге тұрғын үйлердің де жағдайы мәз емес.

МҰРАТ МҰҚАШЕВ, Алғабас тұрғыны:

- Қорқып отырмыз, біздің үйіміз де болады деген жағдай ғой. Сондықтан біз енді акиматқа, төрт жыл болды, бастамашы топ дегенді ұйымдастырып, солармен Есімовтің алдына да бардық, Байбекке де жаздық, құрылыс басқармасына да бардық. Алатау ауданының акиматына да бардық. Ешқандай қорытынды шықпай жатыр.

ҚАНАТ ЕПБЕРГЕНОВ, Алғабас тұрғыны:

- Сейчас сами увидели, там лужи. Большие лужи. Это то что подсохло еще. А так до этого по колено стояли.

Бұл 34, 35, 36, 37 үйлердің тұрғындары. Ғимараттың астыңғы бөлігіне судың жиналуын құрылыстың сапасыздығымен ғана байланыстырады. Жаңа ықшамаудандағы барлық үйдің жағдайын тексеру қашан басталатыны белгісіз.

ЖАРАС НИЯЗБЕК, Тілші:

- Алғабас ықшамауданында 10 шақты үйдің жертөлесін аралап көрдік. Барлығында дерлік су деңгейі тобықтан келеді. Тұрғындардың айтуынша осы ықшамаудандағы 60-тай үйдің жертөлесіндегі жағдай ортақ. Енді тұрғындар өз баспаналарын толықтай тексеруді талап етеді.

Қатысты Мақалалар