Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасын қабылдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Кездесу барысында ҰҚК төрағасы В. Жумақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы лаңкестікке қарсы арнайы операцияның аралық нәтижелері туралы баяндады.
ҰҚК төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта лаңкестік топтың 13 адамы жойылып, 14-і жарақаттанған. Сонымен қатар, лаңкестік әрекетке дайындық барысында оған қатысудан өз еріктерімен бас тартқан 20 адам анықталып, тергелген. Тағы 6 адамға іздеу салынған. Қолда бар мәліметтерге сай олардың барлығы Ақтөбе облысының аумағында жүрген көрінеді.
Елбасы лаңкестерді, оларға қатысы бар адамдарды іздеп табудың маңыздылығына тоқталды.
«Біз олардың сол өңірде жүргенін білеміз. Халық та ескертілді. Олардың бірін қалдырмай барлығын ұстау керек. Қарулы қарсылық танытса, көзін жою қажет. Барлығы қатаң түрде жазалануыт тиіс», - деді Елбасы.
5 мамыр күні Ақтөбе қаласында бірнеше қару-жарақ дүкені мен Ұлттық ұлан әскери бөліміне қарулы шабуыл жасалған болатын.