Мұрат Шаймаранұлының ресми сайты ашылды

/uploads/thumbnail/20170708151714505_small.jpg

Ақын Мұрат Шаймаранұлының ресми сайты ашылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқытушы қызметін атқаратын М.Шаймаранұлы 1969 өмірге келген. Бірнеше жыр кітаптарының авторы.

Ақынны ресми сайтынан алынған "Сұлулық пен суреткерлік" атты мақалны назарларыңызға ұсынбақпыз.

Сұлулық пен сүреткерлік

Қоғам белгілі бір әлеуметтік топтардан тұрады. Қаламгерлер де өздерінше бір топ. Оларға сипат беріп, бедерлеудің де еш қажеті жоқ. Өйткені олар шығармалары арқылы өздерін де, айналасындағы рухани, материалдық құбылыстарды да айқындайды.

Қоршаған ортаға эстетикалық талғаммен қарау, дүниедегі бар затты, мейлі деректі, дерексіз болсын сол талғам таразысымен өлшеу бар қаламгерге бірдей бұйырмаған несіп. «Талғамда талас жоқ» деген көпке белгілі сөзді төрелікке алсақ та, адам мен қоғам, қоғам мен құбылыс арасындағы нәзік қатынастарды, сандық өлшемдерді тек заты бекзада, болмысы сұңғыла адамдар ғана аңғара алады. Демек, дүниеге көкірек көзімен қарай алмау, көрген нәрсеңді тым қарабайыр, көпке ортақ көзқараспен көру «талғамға талас жоқтық» емес, талғамсыздық. Бізге сұрықсыз көрінетін заттар, ұсқынсыз шақтар шығармаға көшкенде сұлуланып кететінінің, жаның рахаттанып оқитыныңның себебі неде деп ойлайсыз? Не болмаса, қиын балалық шағымызды еске алғанда, іңкәрлікпен, сағынышпен қауышатынымыз қалай? Әрине, адам өткенге құмар. Әлбетте, жастық шақ бәрінен қымбат. Бірақ жалғыз ғана себеп бұл емес. Ең үлкен себеп біз өткенге басқаша талғаммен қараймыз. Және үлкен суреткерлікпен. Әйтпесе, сол бастан кешірген бала күніміздің қиындығы тура сол шақта тым ауыр, тым қиын көрінген. Ал қаламгерлер мейлі өткен шақ, мейлі осы шақ болсын, оған суреткерлікпен, биік талғаммен қарайды.  Солай қарау керек… Бұл кез келген қаламгерге қойылатын басты шарт. Талғам жоқ жерде, суреткерлік те, ойшылдық та бекер.

Бүгінгі күні әдебиетімізде үлкен шығарманың тумауы талғамсыздықтың кесірі. Не болса соны, өлеңге қосу, бір байқап қалған нәрсесін зерттемей, зерделемей жатып, әңгімеге айналдыру етек алды. Таңдап алған тақырып әңгіме деген жанрға лайық па, жоқ па? Жырлап отырған сезімі, ойы өлеңге көшкенде лыпасыз қалмай ма? Бұл басты ұстын болмай қалды. Бірінші орынға атақ, сыйлық шықты. Одан кім ұтты? Кім ұтылды? Нәпсі ұтып, әдебиет ұтылды. Айналып келгенде, халық ұтылды.  Өмірде кешірімді шығар, бірақ әдебиетте жеке басты ойлауға болмайды. Өйткені шығармашылық жеке болғанымен, әдебиет көпке ортақ. Көптің ісіне барынша адал, көптің алдында барынша кішіпейіл, әділ болғанға не болса да жетпейді.

Мұрат Шаймаранның Алматыға арнаған бұл өлеңінің ракурсы өзге. Ақын жаны сұлулыққа құмар. Оның өлеңдеріндегі бар идеяның тамыры сұлулықтың, көркемдіктің топырағында. Сұрықсыз көрініс болса да, оны сұлулықтың шұғыласына көмкеріп оқырманына ұсынады. «Дүние көркінің бар құдіреті сұлулық идеясына тәуелді» дейді Платон. Идея адам жанынан шығады. Яғни адам неден сұлулық іздесе, соны табады. Мұрат Шаймаран іздеген сұлулық қайыршының тартқан күйінде. Аңыз бойынша дала Орфейі – Қорқыттың күйіне дүние түгел елітіп, өзендер ақпай, құстар сайрамай, жел де соқпай қалатын. Бұл адамзат баласының ұлы арманынан туған аңыз дейік. Сол арманына жетудің құралы. Алғы шарты. Сол арманы, сұлулығы түбі шындыққа айналса екен деген пәк қиялы. Қалмақтардың «Жаңғар» дастанындағы Бумба жері, Асанқайғының Жерұйығы да осы тақылеттес дүниелер. Бірақ  неге қайыршының күйі? Күйді адам салтанатты сарайда да тартпай ма?! Неге ақын жалт-жұлт еткен дүниеге құмар емес?

Себебі қайыршы туа салып, қайыршы болған жоқ. Ол мына дүниенің бар қатпарын ашып көрген, көп сырды жүрегіне жасырған, мол қасіретті жанарына көшірген алапат сезім иесі. Ақын сол сезімге ғашық. Сол сезім толқындарынан әре-сәре күй кешкен қайыршы жүрегінің соғысы саусағы арқылы скрипкаға көшкен симфонияға іңкәр. Неге екені менің көз алдыма Мұрат Шаймараның қайыршы-күйшісі скрипкашы болып елестеді. Мүмкін менің өзіндік ассоциациямен бар шығар. Дегенмен Мұрат ақынның өлеңдерінен скрипканың үні шығатындай. Оның кей өлеңдері «өлеңге айналған скрипкадай», болмаса, өлеңге көшкен скрипка үніндей.

«…Тарт күйіңді, тарт, Қайыршы! Сыңсытып, Жабырқаған жанардан жас ыршытып. Жібір ме екен әлде өмірдың жүрегі, Бауыры тас тағдыр қабақ тұр шытып.

Тарт күйіңді жеңе алмайтын еш өлім, Тарт күйіңді, қайтарма ақын меселін. Тарт күйіңді, жырсыз, нұрсыз һәм күйсіз, Адамдар бұл қалай ғұмыр кешеді.

Асырып бір ұлы өнердің мерейін, Баста, кәне, мұңды саздың егейін. Баста, кәне, қалтамдағы ең соңғы, Қалған жарты жармағымды берейін.

Сарқытындай Хафиз сынды жыраудың, Теңгесіз де тірі жүретін шығармын. Не болмаса шляпамды қолтықтап, Бір мүйісте өлең оқып тұрармын …»

Мұңлы. Бірақ сұлу. Мұрат Шаймаранның эстетикалық мұраты осы. Өз мұратына жету үшін, қалтасындағы соңғы тиынын беруге де бейіл. Қайыршы боламын деп те қорықпайды. Өйткені ең үлкен қорқынышы – рухани қайыршы болу. бояу жағып, өз сезімін қосып, көркемдейді.

Жалғасын мына жақтан оқыңыз... Ол жаратылыстың бәріне ынтық. Разы. Әр нәрсені өз орнына қойып, жырлап қана қоймай, соған жаңаша

Қатысты Мақалалар