АҚШ қазақтары да Наурыз мейрамын тойлады

/uploads/thumbnail/20170708151714193_small.jpg

Наурыз мейрамын американ жерінде ресми деңгейде ғана емес, қарапайым азаматтар, Америка Құрама Штаттарындағы қазақ диаспорасының өкілдері де атап өтеді.

Нью-Йорк тұрғыны, Тараздың тумасы Әлима Қалыбаева ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы Қазақстаннан шыққан адамдар жыл сайын осы  ежелгі шығыс мерекесін атап өту үшін Наурыз күндері бас қосатынын айтты. Әдетте әртүрлі шараларға қатысуға уақыт бола бермейді.  Бірақ та Наурыздың жөні бөлек, бұл күні қазақша ет асып, бір-бірімізді құттықтап жатамыз, - деді А.Қалыбаева. - Біздің мерекемізді қарапайым американдықтар да бөліседі, мұнда кез келген мерекені атап өтуді жақсы көреді».

90 жылдардың ауыр кезеңдерінде ол Тараздан жақсы өмір іздеп, шетел асқан болатын, ол американдық ірі мегаполисте орнығып, мамандығы бойынша (тігінші) жақсы жұмысқа орналасты, жерлес-достар та табылды.

«Біздің адамдар ол жақта да аз емес, - деп әңгімелейді А.Қалыбаева. - Жиі кездесіп тұрамыз, ұлттық мерекелерімізді атап өтеміз, тілімізді, мәдениетімізді және салт-дәстүрлерімізді ұмытпаймыз. Біздің қазақ жерінің бұлтсыз аспанын, жазиралы даласын сағынамыз. Біздің қымызға, қазақша етке не жетсін!..».

А.Қалыбаева Наурыз мерекесін отбасында Тәуелсіздіктен бұрын да атап өткенін еске алды. «Бала күнімде әжеміздің жеті түрлі тамақ түрін қосып, наурыз-көже әзірлегені, сөйтіп, күн мен түннің теңескен ұлы күнін атап өткеніміз есімде қалыпты», - дейді ол.

Еске сала кетейік, 24 наурызда АҚШ астанасы Вашингтонда Nowruz Commission үкіметтік емес ұйымы мен Наурызды дәстүрлі атап өтетін елдердің, арасында Қазақстанның елшілігі де бар, Вашингтонда тіркелген дипломатиялық өкілдіктері ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған бесінші салтанатты гала-концерт өтті.

 Nowruz Commission ұйымын құруға және АҚШ-та Наурызды мерекелеу идеясына белгілі кәсіпкерлер және меценаттар Нассер Каземини мен Бижан Қиян, сондай-ақ осы елде елші болған қазіргі ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастамашы болды. Биылғы жылы 500-ге жуық адам - АҚШ-тың ресми адамдары, дипломатиялық корпус, бизнес, талдамалық топтар өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері мереке қонағы болды.

inform.kz

Қатысты Мақалалар