Жаңа Заң бойынша зейнетақы 12 пайызға көтеріледі

/uploads/thumbnail/20170708151713929_small.jpg

ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңын қабылдады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттар назарына ұсынған Заң  ҚР Неке және отбасы кодексіне және халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі 6 заңға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға  бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін осы жылдың басынан бастап арттырылғанын  есептегенде базалық зейнетақыны 12 пайызға дейін, еңбек зейнетақыларын 14 пайызға дейін арттыру көзделген. Осыған байланысты зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР заңына зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын табыстың шамасын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 39-дан 41 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл зейнетке ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кейін шығатын азаматтардың зейнетақысын бұған дейін зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақы төлемдерімен теңестіруге мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, қабылданатын шаралар базалық зейнетақы төлемі мөлшерін 10450 теңгеге дейін немесе 12 пайызға көтеру мәселесін қарастырады. Ал еңбек зейнетақы мөлшерін 46661 теңге көлемінде қамтамасыз етеді.

ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар