Бүгін Астанадағы «Антигептил» қоғамдық қозғалысының «Фотоқарсылық» акциясы өтті. Акция 15 минутқа қана созылды. Бірақ сол 15 минутта 15 адам Протон зымыранының ұшырылуына наразылық білдіріп, фотоға түсіп, байланыс телефондарын қалдырды. Сөйтіп, «Антигептил» қоғамдық қозғалысының шаралары одан әрі жалғасуда және оны қолдаушылар қатары да көбейе түсті.