Украина астанасында тұратын Руслан Коптелец отандық көлікке ерекше рестайлинг жасаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 2+2 телеарнасына сілтеме жасап.
«Запорожецке» BMW көлігінің көлемі екі литрлік қозғалтқыныш, бес сатылы беріліс қорабын орнатып, басқа да агрегаттарын немістік бөлшектерге алмастырған. Нәтижесінде көлік сағатына 180 шақырым жылдамдық ала алатын жағдайға жеткен.
«Мен бұл көлікті бекер таңдамадым. «Запорожец» Мерседес, BMW сияқты алыптарды «жазалайтын» анекдоттарды шынайы өмірде жүзеге асырғым келді», - дейді автор.
Көлікті бұлай «жетілдіруге» 18 ай уақыт және 300 мың гривен (12 мың АҚШ доллары) кеткен көрінеді.