Алматы іргесіндегі Ой-Қарағай шатқалындағы демалыс орынында бүгін қар жауды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қар түскенін әлеуметтік желіде Тәңірберген Бердіоңғаров хабарлады.
Естеріңізге салсақ, 16-17 маусым күндері Алматыда күн жаңбырлы болған еді. Бүгін де қалада бұршақ аралас жаңбыр жауды.