Жақсыбеков, Нығматуллин, Ізмұхамбетов қызметтерін ауыстыра ма?

/uploads/thumbnail/20170709030118005_small.jpg

Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин қазіргі лауазымдарын тапсыруы мүмкін, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Капитал» ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ақпарат орталығының дереккөзінің айтуынша, жақын күндері 2014 жылғы қазанда Астана әкімдігіне тағайындаған Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігі басшылығына барып, Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасы лауазымын 2014 жылдан бері Президент Әкімшілігіне жетекшілік етіп келе жатқан Нұрлан Нығматуллинге тапсырып беретін көрінеді. Дереккөз Б. Ізмұхамбетов депутаттық мандатын сақтай отырып, әлдебір ардагерлер ұйымының басшылығына сайланады екен.

Осы орайда, Ә. Жақсыбековтің 2004-2008 жылдары Президент Әкімшілігін басқарғаны мен Н. Нығматулиннің 2012-2014 жылдары Мәжіліс спикерлігін атқарғанын айта кеткен жөн.

Қатысты Мақалалар