Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин лауазымынан босады

/uploads/thumbnail/20170709030134146_small.jpg

Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин қызметінен босады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ол Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлама таратты.

«ҚР ОСК «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңыныі 97-1-бабы 6-тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро шешімі негізінде Нығматуллин Нұрлан Зайруллаұлын Мәжіліс депутаты етіп тіркеді», - делінген хабарламада.

Н. Нығматуллин Мәжіліске Ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалған экс-депутат Роман Склярдың орнына барып отыр.

Қатысты Мақалалар