Жалақысын сұраймын деп бастығының қолынан ажал құшқан

/uploads/thumbnail/20170709030248131_small.jpg

Алматы тұрғыны еңбекақысын сұраймын деп, басшысының қолынан өлім құшқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

«Сапарзан» ЖШС директоры өз жұмысшысына 1,5 миллион теңге қарыз болған көрінеді. Аталған соманы сұраған жұмысшысын компания басшысы қала сыртына алып шығып, өлтіріп кеткен.

Қылмыстық іс материалдарында 2015 жылдың маусымында компания басшысының жұмыскерін Алматы іргесіндегі Тұрар саяжайына шақырып, сол жерде тағы бір сыбайласы екеуі оған арақ ішкізгені, артынан қол-аяғын скотчпен байлап, аузына коньяк құйып тұншықтырғаны айтылады.

Өлтірілген жұмысшының мүрдесін де сол саяжай аумағына көміп кеткен. Көп ұзамай компания басшысы да оның сыбайласы да қолға түскен.

Ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот шешімімен екі күдіктінің де қылмысы дәлелденіп, оларды 17 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін олардың мүлкі де тәркіленетін болды.

Қатысты Мақалалар