НАЗАРБАЕВ НЫҒМАТУЛЛИНДІ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАЛЫҒЫНА ҰСЫНДЫ

/uploads/thumbnail/20170709030257381_small.jpg

Бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын палата төрағалығына ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Фракция мүшелері Н. Нығматуллин кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Енді Мәжілістегі барлық үш партия депутаттары палатаның жалпы отырысында палата спикерінің кандидатурасына дауыс беретін болады.

Естеріңізге салсақ, бүгін Н. Нығматуллин Президент әкімшілігінің жетекшісі лауазымынан босап, «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып тіркелді. Н. Нығматуллин бұған дейін Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Мәжіліс спикері сынды лауазымдарды атқарған болатын.

Ал, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Б. Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» РҚБ жетекшілігіне сайланды.

Қатысты Мақалалар