Ресей Сарышағаннан тағы бір зымыранын ұшырды (ВИДЕО)

    Darkhan Muqantegi
    Ресей Сарышағаннан тағы бір зымыранын ұшырды (ВИДЕО)

    РФ Әскери-ғарыштық күштерінің қолданысындағы зымыранға қарсы жүйе зымыраны 21 маусым күні сыналды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Казправдаға» сілтеме жасап. 

    Зымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚ-ПРО) жүйесінің жақын қашықтыққа арналған зымыраны Сарышаған полигоны, РФ Әскери-ғарыштық күштер әуе қорғанысы әскерлерінің және өнеркәсіп өкілдерінің бірікке күшімен сыналды.

    «Сынақ барысында зымыран тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы белгіленген уақытта жойды», - дейді РФ әскери-ғарыштық күштер Бас қолбасшысының орынбасары Виктор Гуменный.

    Тараған баспасөз хабарламасында ЗҚҚ жүйесінің құрамы мен жауынгерлік сипаты зымырандық-ядролық шабуыл қаупін анықтап, жауапты ядролық әрекет деңгейін арттыруға, соққының мақсаты мен бағытын анықтау арқылы әскери және мемлекеттік басқару сатыларының өміршеңдігін қамтамасыз ететіні жазылған.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025