Астанада шенеуніктердің бірі велосипедшіні қағып кетті

/uploads/thumbnail/20170709030604134_small.jpg

Астанадағы Министрліктер үйінің Қонаев көшесі бойындағы аркасы маңайында жол талғамайтын көлік иесі велосипедшіні қағып кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz  Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Велосипед «Astana Bike» жалға алу орнынан алынды. Оны мінген адам аяқтан жарақат алып, мұрнын қанатқан.Аталған жол-көлік оқиғасында кімнің кінәлі екені белгісіз. Велосипед мінген азамат комментарий беруден бас тартты.

Айта кетейік, Астанада велосипедтерді жалға беру бастамасын енгізген кезде арнайы веложолақтар мәселесі көтерілген болатын. Алайда елорданың сәулет-құрылыс жоспарында ондай жолақтар қарастырылмаған. Осының салдарынан велосипедшілер көлік жүретін жолдармен жүруге мәжбүр. Нәтижесінде бүгінгідей жол-көлік апаттары болады.

Қатысты Мақалалар