Таразда жүздеген үйді су басып қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709030858402_small.jpg

Таразда тасқыннан жүздеген үй тасқын судың астында қалды. Әсіресе Талас өзені маңындағы мыңдаған үйге қауіп төнді. Тұрғындар апат жайында алдын ала дабыл қаққанмен, әкімдік әрекетсіз болды дейді. Ал жағдай ушыққан соң, құтқарушылардың кеш келген көмегінен қайыр жоқ деп ашынады.

Тараз қаласындағы Тектұрмас аймағы түгел аралға айналды. Су алмаған сау жер қалмаған. Жұрт жиналған суды шамасы жеткенше шелектеп те арнайы көлікпен сорғызып та көруде. Бірақ бұл әрекеттен берекет жоқ, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Көпшілік көлкіген судың көлге айналуына, Қырғызстандағы Киров су қоймасынан су мөлшерінің шамадан тыс босатылуы себеп екеніне сенімді.

ЛИДА ТУТКИНА, Тараз қаласының тұрғыны:

- Қырғыздағы су қоймасы су жіберді. Сол Таластан бізге жер астынан су көтеріліп жатыр.+ Жұма күнінен бастап жер астынан су көтеріліп жатыр. Міне алтыншы күн болды. Жаңбырдан емес.

Ал төтеншеліктер Талас өзенін жағалай жайғасқан жұрттың жағдайын жаңбыр суымен байланыстырады. Қазір көтерілген суды төмендету үшін қалаға кіретін барлық арық каналдар толық бітелген. Алайда жер асты суы азаяр емес.

ОМАР ТАКЕЕВ, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментің төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы:

- Қазіргі жағдай мына үш көшенің төменге түспеуі ол дренаж каналының су өткізу төмендігінен. Сондай-ақ тұрғындарының өздері қоқыстарды тастап каналдың жабылу оқиғалары болып жатыр.

Ал арнасынан асқан Талас бөгет бұзып, жарын жырып үйлерге жақындап қалған. Мәселен мынау жексенбі күнгі жағдай. Талас енді тасып жатқанда тұрғындар талабымен түсіріп алғанбыз. Төрт күннен кейінгі көрініс мынау. Өзен көшенің бір бөлігін шайып кетіп, қораның іргесіне таяған. Ары қарай үйді ағызып кетпес үшін әкімдік барын салуда. Бірақ кешігіп жеткен көмектен қайыр аз дейді көп. Дабыл қаққан елдің сөзі дер кезінде ескерілгенде бұлай болмайтын еді дейді тұрғындар.

ГҮЛБАЙРА ТУЛЕБЕКОВА, Тараз қаласының тұрғыны:

- Көріп тұрып біз айттық. Қараңызшы деп. Сізге әлі жау келмейді деді. Қорықпай қойыңдар деді. Мына жерді опырып жатқан сол кезде. Сөйтіп кетті, содан жоқ. Ертесі бір сағатта су үйімізге жетіп келді. Жанармайын құйып берсекте, ас ауқаттандырып берсекте келмей қойды әкімшілік.

Соңғы он күндікте ғаламтор желісінде Қырғыстандағы Киров су қоймасы жарылады деген ақпар желдей есіп жүр.  Тек бүгін ғана төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі бұл жайттың жалған екенін жариялады. Мәлімдемеде аталмыш су қоймасы 550 млн текше метр суды сыйдыра алатыны айтылған. Бірер күн бұрын су мөлшері осыған шамаласып қалса қазір 532 млн-ды құрап отыр. Есесіне секундына 170 текше метр су Жамбылға қарай босатылуда. Соның салдарынан Талас өзені тасып, жағасындағы жұртқа қауіп төндіріп тұр.

Қатысты Мақалалар