Өскеменде жеті саяжайды су басып қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709031150014_small.jpg

Кешелі бері өзеннің бірнеше жерінен тасыған су Өскемен қаласының шетіндегі 7 саяжайды басып қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Хабар» арнасына сілтеме жасап.

Ал Аблакетка шағын ауданындағы саяжайдан 87 адам эвуакацияланды.  

Олжас Керейхан, тілші 

-Облыста су тасқыны қаупі әлі толық сейліген жоқ. Соңғы он күнде аймақтағы су қоймалары мен гидротехникалық нысандардағы судың мөлшері ең жоғары деңгейге жетті. Қазір «Бұқтырма», «Шүлбі» және «Өскемен» су тораптарында секундына 2000-3000 текше метр су түсіп жатыр.  Осы көп мөлшерде жіберліген су Ертіс өзенінің арнасын толықтырып жатыр.

Сондықтан облыстың Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. 

Департаментте арнайы штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. 

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы 

-Ең қауіпті деген 20 аумақта бақылау бөлімдері орналасқан. Яғни құтқарушылар мониторинг жасап, су деңгейін қадағалап отыр. Тасқын қаупі жоғары аймақтардағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен халыққа аса сақ болуды, өзенге жақындамауды сұраймыз. 

Ертіс өзенінің көтерілуіне соңғы бірнеше тәулікте толсассыз жауған жаңбыр да өз әсерін тигізді. Әсіресе жағаға жақын жердегі саяжайларға су жайылды. 

Ал бүгін Абалкетка шағын ауданындағы бау-бақша серіктестерін су басты. Бірден қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. 

Қазір 4 қайық пен 10-нан астам техника жұмыс істеп жатыр.  

Олжас Керейхан, тілші 

-Жалпы қалада 20-дан аса аумақты Ертістің суы басуы мүмкін деген қауіп бар. Олардың көбі саяжайлар орналасқан уақытша қоныстар. Сондықтан су жайылуы мүмкін деген аумақтарға бөгеттер тұрғызылып, жағалары бекітіліп, кезекшілік қойылды. 

Қатысты Мақалалар