«10 МЫҢ САҒАТ» ТЕОРЕМАСЫ

/uploads/thumbnail/20170709031444346_small.jpg

Канадалық журналист, жазушы және өтімді кітаптардың авторы Мәлкөлм Гләдуел- Malcolm Gladwell «Ғажайып топ» (Outliers) атты кітабында, дүниеге танымал табыскерлердің табысқа жету барысындағы құлшыныстарын басқа бір қырынан баяндай келіп, табысқа жетудегі «10 мың сағат» теоремасын ортаға қояды. Яғни, талант иелері тума талант емес, бірақ, талант иелерінің оқсас бір қасиеті, нәтижелі табысқа жету үшін, оқсас бір салада тұрақты, жалғасты түрде ізденуі, қажырлы құлшынысы кемінде 10 мың сағаттан кем болмаған. Демек, табысқа жету үшін, сол салада міндетті түрде 10 мың сағаттық қажырлы машықтану, іздеу, құлшыныс жасау керек.

10 мың сағат қандай уақыт?! Есептеп көретін болсақ, егер де күніне 8 сағатты қажырлы машықтануға жұмсар болсаңыз, онда мөлшермен 3 жылдан артық уақыт. Бұл мүмкін шаруа емес! Егер де күніне 3 сағат уақытты жұмсар болсаңыз, онда 10 мың сағат уақытыңыз, мөлшермен 10 жыл уақыт. Бұл теореманы өнер-білімді жылдам үйреніп, білімге болған ынтасы әр жеті күнде бір құбылып тұратын оқушыларыма арнаймын және де ақылмандарға шынайы ілтипатпен сыйлаймын. Өйткені, әр күні 3 сағат уақытты шынайы үйреніп, қажырлы машықтану, ақылға қонымды, тұрмысқа үйлесімді, шындыққа жанасымды дей тұрғанмен, тұрақты және үздіксіз түрде 10 жыл жалғастыру кімде-кімнің қолынан келе бермейді. Бұл жапаға шыдай алған адам – өзіңе жай адамсың, басқаларға дарынды, талант иесі атансың, тіпті елдің ері, халықтың арқа сүйер тіргі боласың. Болмаса, бұл басқыштан өтпей тұрып, озыңды өзің жолбарыстай сезінгеніңмен, өзгелерге мысық құрлыда болмайсың. Бәрі де бос, құр далбасалық.

Авторы: Ойлан, ғаламтортанушы

Қатысты Мақалалар