Оңтүстік Қазақстан облысында қызды қағып кеткен көлік видеоға түсіп қалған (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709031459386_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында көліктің жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен сәті көліктегі видеотіркегішке түсірілген видеожазба YouTube хостингінде пайда болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Видеоны жүктеген ер адам түсіндірме сөздер қосқан. Жол-көлік оқиғасы 25 маусымда Ордабасы ауданында болған.Кадрлардан қыздың жаяу жүргінші жолынан өтпек болғаны көрінеді. Ол жолдың екінші бетіне өтуге бірнеше қадам қалғанда, оны Hyundai автомобилі соғып кетеді. Қыз көліктің соққысынан жолға құлап түсіп, жүргізуші көлігін тоқтатқан.

Ер адамның айтуынша, жүргізуші қызды көлігіне отырғызып алып, ауруханаға әкеткен. 

Қатысты Мақалалар