Сингапурда жолаушылар ұшағы қону кезінде отқа оранды

/uploads/thumbnail/20170709031741060_small.jpg

Singapore Airlines әуе компаниясының ұшағының шұғыл қонуы кезінде оң қанаты отқа оранды.  Channel News Asia телеарнасынан хабарлағандай, оқиға салдарынан сингапурлық «Чанги» әуежайында зардап шеккендер болмады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ТАСС-тың хабарлауынша, Boeing 777 Сингапур - Милан бағытында ұшқан. Шамамен екі сағаттан кейін қозғалтқыштардың бірінде болған ақау салдарынан командир әуежайға қайта оралу шешімін қабылдады. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, мұнда жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін.  Қону кезінде ұшақтың оң жағында өрт шықты. Өрт сақшылары оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жетті.  

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, сонымен қатар авиатасымалдаушы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қатысты Мақалалар