Қазақстанда Chevrolet Niva көлігі құрастырылатын болады

/uploads/thumbnail/20170709031753513_small.jpg

Қазақстанда Chevrolet Niva көлігі құрастырылатын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz vistanews.ru– ға сілтеме жасап.

Қазір бұл мәселе GM-Автоваздың қарауында жатқан көрінеді.

Осы жылдың бес айында Ресейден Қазақстанға әкелінетін көліктер саны 72,4 пайызға дейін төмендегенін айта кету керек. Бұған мамандар сырттан енетін көліктерге салынатын салықтар мен утилизация талаптары себеп болғанын айтуда. Соның салдарынан сырттан кіретін көліктердің бағасы 2 мың долларға дейін қымбаттап, елдің тұтынушылық қабілеті төмендеген.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін де Қазақстанда сырттан келетін көліктерге салынатын салық өсіп, «АвтоВаз» Lada - Granta, Kalina және Lada 4x4 көліктерін осында құрастыру туралы шешім шығарған болатын.

Қатысты Мақалалар