Нью-Йорктегі ЛГБТ шеруіне қатысушы Қазақстан туын ұстап шықты (ФОТО)

    Darkhan Muqantegi
    Нью-Йорктегі ЛГБТ шеруіне қатысушы Қазақстан туын ұстап шықты (ФОТО)

    26 маусым күні өткен Нью-Йорктегі ЛГБТ шеруіне қатысушы Қазақстан туын ұстап шыққан, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

    Қазақстаннан қатысқандар мемлекет рәмізін шерудің алдыңғы қатарында ұстап өткен. Бұл туралы «Фейсбук» желісінде Александр Смирнов есімді қолданушы фотоесеп жариялады.

    Бұл Нью-Йоркте жыл сайын өтетін дәстүрлі шара көрінеді. Осы жолы шеруге АҚШ президенттігінен үміткер Хиллари Клинтон мен штат басшылары да қатысқан.

    Естеріңізге салсақ, 12 маусым күні Орландтағы гей-клубтардың бірінде Омар Матин есімді ауғандық клуб келушілеріне оқ жаудырып. 50 адамды өлтірген болатын.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025