Алматыда нөсерден тағы бірнеше көшені су басты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709031943343_small.jpg

Алматыда тағы да нөсер жауынның салдарынан қала орталығының бірқатар көшелерін су басты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Әлеуметтік желілерде осыған байланысты фото және бейне көріністер пайда бола бастады. Бұл жолы да Жібек жолы (Арбат), Райымбек және Сайын даңғылдарының кейбір учаскелері су астында қалды.

Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылы сәуір-мамыр айларында мол жауған жаңбырдың салдарынан жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басуына қатысты 127 дерек тіркелген болатын. Әсіресе, Алатау ауданында орналасқан Алғабас кентінің тұрғындары көп зардап шекті. 

 

Қатысты Мақалалар