Алматылық полицей жүргізушімен дауласып ұятқа қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709031954562_small.jpg

Алматы көшелерінде патрульдік қызмет атқарып жүрген полицей тоқтатқан көлігін не үшін тоқтатқанын түсіндіріп бере алмай күлкіге ұшырады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Жүргізуші мен полиция қызметкері арасында болған кикілжің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Полицейдің тоқтату себебімен үзілді-кесілді келіспеген жүргізуші оны жол ережесі мен белгілері жазылған кітапша алып келуге мәжбүрледі. Алайда, екеуара диалогтан ұққанымыз, полицей ол кітапшаны да пайдаланып қарық қылмаған сияқты. Жүргізушіні көп ұстамай жөніне жібере салды.

Қатысты Мақалалар