Павлодарда жаңбыр аралас соққан жел тұрғындарды жарықсыз, сусыз қалдырды. Секундына 20 метрге дейін ұйытқыған дауыл шаһардағы бірнеше кәсіпорынның шатырын жұлып түсірген, деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Қатты желге талай жылғы теректер де шыдас бермей, аулада тұрған көліктерді басып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бірақ жауын аралас соққан жел көшедегі аялдамаларды зақымдап, тұрғын үйлер мен бірнеше кәсіпорынның шатырын жұлып кеткен. Кешкі уақытта ойран салған дауылдан электр сымдары тұйықталып, 300-ге жуық үй жарықтан ажыратылды. Апат салдарынан кей аудан тұрғындарына бірнеше сағат сусыз отыруға да тура келіпті. Енді шығын көлемін есептеу үшін әкімдікте арнайы комиссия құрылмақ.