Қазақстандық куәгер Түркиядағы теракт туралы айтып берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709032438987_small.jpg

Ыстамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайындағы жарылыс кезінде ол жерде бір топ қазақстандықтар да болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz  tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Олар Астанадан Болгарияға бара жатқан азаматтар көрінеді.

«Біздің топта барлығы 21 адам бар. Болгаияға балалардың музыкалық байқауына бара жатқан бетіміз еді. Әуежайда біз жүктерімізді алып, басқаларды күтіп тұрғанбыз. Алыстан бір тарсыл естілді. Артынан әуежайға кіреберісте жарылыс болды. Барлығы астан-кестен болды, сылақтар ұшып жатты. Құдай сақтап, біздің топтан ешкім жарақат алмады», - деген tengrinews.kz – ке куәгерлердің бірі.

Теракт кезінде әуежайда болған, сапардан кешіккен Қазақстан азаматтары еліміздің сондағы консулдығы қонақ үйлерге орналастыруға ықпал еткен. Бұған дейін ҚР СІМ Түркияда болған терактіден зардап шеккен Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлаған еді.

Түркияда жүрген Қазақстан азаматтары үшін СІМ сол елдегі консулдықтың телефон нөмірін хабарлады:  +90 212 6625347. 

Естеріңізге салсақ, Түркияның Ыстамбұл қаласында үш бірдей жарылыс болып, 36 адам қаза  тапқаны хабарланды.

Қатысты Мақалалар