Түркия әуежайын жарғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған

    Darkhan Muqantegi
    Түркия әуежайын жарғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған

    Түркия әуежайын жарғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Таспада жарылғыш зат көтерген жанкештілердің ғимарат ішіне жайбарақат кіргендері көрініп тұр, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

    Бұл кадрлар қазір Түркияның түкпір-түкпіріне тарап жатыр. Үш жанкештінің бірінің аты-жөні белгілі болды. Ол Мүсілім Сарыйяр деген түрік азаматы боп шықты. Өз отандастарына оқ атып, артынша өз-өзін жарып жіберген жігіт ғимарат ішіне бірінші боп кірген. Бүгін Ыстамбұлда осы лаңкестік әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 13 адам құрықталды. Қаладағы бірнеше пәтерлерді тінтіген полиция қызметкерлері олардан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіледі. Сондай-ақ, Измирде лаңкестерге қолдау білдірді деген күдікпен 9 адам ұсталды. Естеріңізге салсақ, алдыңғы күні Ататүрік әуежайында үш жанкешті өздерін жарып, соның салдыранын 40-тан аса адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған болатын.     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025