Қазақстанда банкоматтар саны қысқаруда

/uploads/thumbnail/20170709033720733_small.jpg

2016 жылы банкомат желісінің саны қысқара түсті. Жыл ішінде банкоматтар саны 5 пайызға тарта азайып, 2016 жылдың 1 маусымында 9,3 мың құрылғыны құрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанда 2016 жылғы қаңтардан мамырға дейін банкоматтар саны қысқарды. Жыл ішінде банкоматтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға жуық азайды.

Бұрынғы жылдағыдай желінің жартысы 4 аймаққа шоғырланған - Алматыға (19,3%),екінші орында -  елорда (10,7%),үшінші орында  - Қарағанды облысы (8%) және төртінші орында - ШҚО (7,8%).

Ranking.kz талдама қызметінің ақпараты бойынша, 2016 жылғы мамырдың соңында 15 млн.-ға жуық төлем карточкалары болды. Оларды ұстаушылар саны - 13,9 млн. адамды құрайды. 2016 жылдың мамыр айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,8 пайызға өсіп, 827,9 млрд. теңгені құрады.

Банкоматтарда төлем карточкаларымен жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 1185,8 мың транзакцияны құрады немесе 15,857,7 млн. теңге. Қолма-қол ақша беру операцияларына қатысты олардың сомасы 2016 жылғы мамыр айында 600 852,7 млн. теңгені құрады.

Қатысты Мақалалар