Бестөбе ауылына 22 жылдан кейін су келді

/uploads/thumbnail/20170709033724514_small.jpg

Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Бестөбе ауылына көптен күткен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды. 22 жылда алғаш рет тартылып отырған су құбырын үш жылдың ішінде «Бестөбе ауылының сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру» жобасы аясында жасап шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытта құрылыс компаниясы ауыл арасына 95 шақырым желі - 15,2 шақырым торапты және 79,8 шақырым таратушы желі жүргізген. Ал биылғы жаз бойы қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй секторындағы сумен жабдықтау құралдары, әлеуметтік маңызы бар нысандар жөнделген. Ол үшін республикалық бюджеттен жалпы сомасы 1 718,9 млн. теңге қаражат бөлінді.

Ауыл тұрғындары үшін бұл көптен күткен маңызды оқиға, себебі 22 жыл бойы бестөбеліктер ұңғымалардан санитарлық нормаларға сай емес, сапасы нашар су тасып, ішіп келген. Су құбырын пайдалануға беру арқылы Бестөбе ауылы тұрғындарының 100 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Қатысты Мақалалар