Астанада бір қыз 22-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 2 шілдеге қараған түні "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде болған.
"Менің көлігім қыз құлап түскен маңда тұрған. Көлігімнің дабылы қосылды. Мен түскенше полиция қызметкерлері, жедел топтар, тергеу топтары, криминалистер келіп жетті. Көлік қоршауда тұрғанда күтуге мәжбүр болдым. Көлігім үйдің кіреберісінің алдында тұрған. Соған қарағанда қыз балконнан құлап түскен. Яғни саты мен лифттің арасында", - деді куәгер.
Ол мерт болған қыздың бұл үйде тұрмайтынын айтты. "Полиция қызметкерлері тұрғындардан сұрастырды, қыздың мұнда тұратынын ешкім растамады", - деді үйдің тұрғыны.
Кеше Қадыр түі болып, аулада көп адам болған, көбі көріпті. Әйелім тарс еткен дауыс естіпті, дабыл қосылып кетті", - деді ол.
"Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала нұсқа - суицид. Тексеріс барысында қыздың аты-жөні анықталды - Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны", - деп хабарлады полицейлер.
"Туыстарының айтуынша, қыз соңғы кезде олармен көп жанжалдасқан. Ал маусым айының ортасында елордаға көшіп келіпті, жұмыс тапқысы келіпті. Ол ЖОО студенті емес", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.