Қапшағайда шөп арасынан жаңа туған нәресте 3 шілдеде, "Құрылысшы" саяжай кооперативінде табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі мен білім бөлімінің қызметкерлері нәрестені құтқару мен оның анасын іздестіру бойынша шаралар жүргізді.
Жедел жәрдем дәрігерлері нәрестені Қапшағайдың ауруханасына жеткізіп, женсақтау бөліміне жатқынды. "Нәресте - азиялық түр-сипаттағы қыз бала, суықтап қалған, мерзіміне жетпей туған белгілері бар, жағдайы ауыр", - деп хабарлады дәрігерлер.