Өңірлік әскери бөлімдердің жазғы оқу кезеңі басталды

/uploads/thumbnail/20170709034113149_small.JPG

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында және барша әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңі басталды. 

Бұл күні барлық өңірлік әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңінің ашылуына орай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекеттік Әнұран орындалды. Барлық бөлімдердің жеке құрамымен саптық тексерістер, жаңа оқу кезеңіне дайындық барысы тексерілді.

Салтанатты жағдайда алаңда сап түзеген барша жеке құрамды әскери бөлімдер командирлері жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтап, Отан қорғау жолындағы ұлы істеріне сәттілік тіледі.

Дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңі жауынгерлік даярлықтың негізгі  пәндеріне кіретін мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағын өткізуден басталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамымен осы пән бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы, реформатор, заманауи Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты тақырыппен алғашқы сабақты Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев өткізді. Сабақ барысында ол офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жаһанда болып жатқан өзгерістер мен тұрақсыздықтарды, оның біздің мемлекетімізге тигізер әсері  және мемлекетіміздің, оның ішінде әскеріміздің әлеуетін арттыру мен дамуы, әлемдік дағдарысқа қарсы мемлекет басшылығымен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндап, сонымен қатар тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 25 жылда еліміздің жеткен жетістіктері мен егемендіміздің қалыптасуы және дамуы жолындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың  атқарған рөлі туралы тұшымды пікірлер келтірді.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының екінші бөлімінде  жеке құрамға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев туралы документалды фильм көрсетілді.

Сабақтың қорытынды бөлігінде өңірлік қолбасшылық офицерлері мен келісімшарт әскери қызметшілеріне 2016 жылғы екінші жартыжылдықтың жазғы  оқу кезеңінде атқарар міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.

Алғашқы сабақ аяқталған соң өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің басқарма және жауынгерлік даярлық бөлімдерінің офицерлері материалдық-техникалық базаларын шығарумен әскер өмірінің қауіпсіздігін ұйымдастыру, түрлі сабақтар өткізу кезіндегі және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, сондай-ақ техникаларға қызмет көрсету мен оны басқару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары бойынша барша жеке құраммен практикалық сабақтар өткізді.

Айдос Байшағыров,

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметі

Қатысты Мақалалар