Пайғамбар мешіті кешенінің алдындағы көлік тұрағында жанкешті жарылғышты іске қосып, соның салдарынан төрт күзетші қаза тауып, бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Qamshy.kz Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі ресми ақпарат таратты.
Оқиға дүйсенбі кешке қарай қажылыққа барған мыңдаған адам кешкі намазға бет алғанда болған. Пайғамбар мешіті (Масджид ан-Набави) - Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) жерленген мұсылмандар үшін қасиетті орын. Медина - ислам үшін Меккеден кейінгі маңызды қала.
Саудия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күзетшілердің күдігін тудырған жанкешті жарылғышты іске қосқан.
Ал Sky News Arabiya телеарнасының соңғы мәліметтері бойынша, Мединеде болған атыстың салдарынан бес адам қаза тауып, тағы алты адам зардап шекті.