Бүгін – Елордамыз Астананың туған күні. Биыл бас қаламыз он сегіз жылдығын атап өтеді.
6 шілде елімізде мемлекеттік мереке – Астана күні. Ел астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде 1994 жылы 6 шілдеде қабылданған болатын.
Ресми түрде Елорда Алматыдан Ақмола қаласына 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Президент Жарлығымен 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Оссылайша, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы өзінің он сегіз жылдығын атап өтуде.
Осыған орай, бүгін таңғы сағат оннан бастам Астана қаласында және еліміздің барлық аймағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.