Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған «мықты» нөмірлі екі қымбат көліктің танымалдығы артып барады, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz -ке сілтеме жасап.
Көпке танылып үлгерген фотосурет жалпыға ортақ топтың парақшасында жарияланып, оны 3 мың адам көшіріп басқан. Бұл аккаунтта осы тектес фотосуреттер, жүргізушілердің ереже бұзу жәйттері жарияланып тұрады.
Дегенмен, мүгедектерге арналған орындарды мына екі көліктің иелері ғана еншілеп қоймапты. Дәл осындай көріністерді топтың мұрағатынан көптеп кездестіруге болады.