БІР АУДАНДА ЕКІ КҮНДЕ ҮШ ЕСКЕРТКІШ ОРНАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709034956719_small.jpg

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында 5-6 шілде күндері ШҚО Тарбағатай ауданың Ақжар, Ақсуат, Ойшілік елді мекендерінде Найман ұлысының тарихи есiмдері - Мақта апа мен Байжігiт Атаға, Мұрын анаға жане ХанТоғас батырға арнап еңселі ескерткiштер орнатылып, саябақтар ашылып, ғылыми конференция мен ауқымды мерекелік шаралар өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Айтулы шаралар барысында еліміздің әр облысынан келген беделді ғалымдар, жазушылар бағалы баяндамалар жасап, маңызды сөздерін арнады. Сонымен бірге «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Айғақ» басылымы (ОҚО), Qamshy.kz порталы бастаған беделді БАҚ құралдары ақпараттық қолдау көрсетті.

Астана күнi Тарбағатай ауданында өткен жиналыста ақын, мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлына және ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Әбубәкір Қайранға «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының құрметтi азаматы» атағы берілді. Азаматтардың кеудесіне төс белгі таққан аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ақындардың «Тарбағатайды, туған ел, Атамекен ұғымдарын асқақтақан рухты өлеңдерін атап өтті.

Ал, мүсінші Әлібек Шоқанов сомдаған әйгілі тұлғалар бейнесі ұрпақтары мен қалың жұртшылықтың қаржыық қолдауымен орнатылды. Бұл шараға қатысқан жұрт ежелгі тегін танып, еркін рухын тауып, азаттықтың - тәуелсіздіктін ұлы қасиетін сезініп, серпіле түскенін көрдік.

Ұлт ұлы, Отан мәңгі болғай!

Қатысты Мақалалар