Мемлекеттік төңкерісті Реджеп Ердоғанның өзі ұйымдастырған ба?

/uploads/thumbnail/20170709042305465_small.jpg

Түркия журналистері 15-16 шілдеде болған әскери төңкерісті ел басшысының өзі ұйымдастырған деп күдіктенуде. Бұл туралы түрік ақпарат көздері хабарлайды. Түрік журналистері ел басшысы мен Басштабтың мәлімдемелерінде көптеген қайшылықтар барын анықтаған соң осындай пікірге келген. Мәселен, әскери төңкеріс туралы ақпараттың түсуі туралы мәлілметтер бір-біріне сай келмейді. «Cumhurriyet» басылымының жазуынша, Түркияның әскери әуе күштерінің бас қолбасшысы Абидин Унал төңкеріс кезінде қол астындағы қызметкерінің қызының үйлену тойында, Стамбұл шаһарында болған. Оны басқа да жоғары санатты шенеуніктермен бірге бүлікшілер тұтқындап әкеткен. Газет журналисі бас қолбасшы төңкеріс туралы ақпаратты алған соң бірнеше сағаттан кейін Стамбұлға тойға кеткенін айғақтап отыр.

Сондай-ақ, төңкеріс кезінде Мармаристе демалып жатқан Ердоғанның қонақүйге шабуыл жасалғанға бірнеше минут қалғанда аман-есен  сытылып шығуы да күдікті. Сонда төңкерісшілер қонақүйді жару үшін бара тұра Президентті неліктен «аман жіберген»? «Al-Monitor» авторы Дженгиз Чандар «Төңкерісшілер Ердоғанның Анкарада да, Стамбұлда да емес, Жерорта теңізінде демалып жатқанын біле тұра, оны тұтқындамаған. Президенттің Мармаристен жақын жердегі  әуежайға жетуіне мүмкіндік берген, сөйтіп ол бір сағат ішінде Стамбұлға келген» дейді журналист.

Сондай-ақ, төңкерісшілер рейтингі төмен TRT каналын басып алған, рейтингі жоғары БАҚ-ды алуға талпынбаған. Ол кезде беделді БАҚ-ы биліктің халыққа үндеуін наисхаттап жатқан. Жеңіліс тапқан төңкеріс әрекетін кім ұйымдастырды және барлығы неліктен ақымақтың тірлігі болып шыққанына қатысты жауаптан гөрі сұрақ көп» деп жазады, түрік сарапшысы. Дженгиз Чандардың пікірінше, төңкерісті ұйымдастырушылардың тез арада ұсталуының өзі күмән тудырады. «Меніңше, Ердоған  өз адамдарымен бірге Батыс күштерінің қолдауымен де болар, жасанды төңкерісті ұйымдастырған» дейді ол.

Сондай-ақ, төңкерістен соң іле-шала мыңдаған жоғары лауазымды қызметкердің жұмыстан қуылып, тұтқындалуының өзі күмәнді ойға жетелейтіні анық. Ал халықаралық сарапшылар Ердоған өзіне ұнамайтын, Фетхуллах идеясын жақтаушы көптеген шенеуніктерден осындай төңкеріс арқылы арылмақ болуы  мүмкін екенін айтуда.

Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар