Суға бөлінген қаржы суға кетті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Жемқорлықпен күрес күшейсе де, лауазымды тұлғалар мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны қалталарына салар әдеттерінен арыла алмай отыр. Бұл жолы қаржы полициясы, суға бөлінген бір жарым миллиард теңгені талан-таражқа салған су ресурстары комитетінің лауазымды өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ал, редакциямызға "ауыз суымыз жоқ" деп күніне он ауылдың тұрғындары қоңырау шалады. Атағымыз алты құрлыққа жетті деп, мақтанатын еліміздің алты тамшы суға неге жарымай отырғанын Лимара Салих анықтап көрген еді.

Арманға айналған ауыз су. Алматы облысы, Первомай кентінің тұрғындары, судың сылдырын сағынған. Көктем келген сайын, құбырларындағы су тоқтап, құдықтар қурап калады деп ашынады азаматтар. Көпшілік сусыз өмірлерінің себебін білгілері келеді, алайда, жағдайды жай-жапсарына жеткізіп берер жағалылар жоқ дейді. Тіпті, тіршілік нәріне зәру болған бұқара, ауыз суды алу үшін текшесіне тоқсан бес теңгеден төлеп отырған көрінеді. Ауыз суға ақша аяр азамат жоқ. Тек тіршілік нәрінсіз қалдырмаса болғаны дейді. НАТАЛЬЯ САЛЕЧИНА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ ПЕРВОМАЙКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: -Түнде тамшылап аққан суды жинап алып, сол сумен кір жуамыз, өзіміз жуынамыз, әйтеуір өлместің күнін көріп жүрміз. Алматы аумағындағы шағынаудан халқы да, 12 жылдан бері ауыз суды сұрап ішіп отыр. Қалтасында қаржысы барлар, су таситын көліктің келгенін аңдиды. БОЛАТБЕК БЕЙІМБЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЛҚАМАН 3 ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: -2000 жылы көшіп келдік. Содан бері бір адам құсап су ішіп көрген жоқпыз. БОТАГӨЗ НҰРҚАЛИЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЛҚАМАН 3 ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: -Биыл барып едік, әкімнің орынбасары үш саусақтан бір фигура көрсетіп, су берілмейді деді. Ал, өзге де аймақтардағы ауыз су мәселесі мәз емес. Кей жерлерде, тіпті "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы бойынша су құбырлары тартылғанымен, тіршілік нәрі жетпепті. Бұл жағдай қарағандыдаға Дубовка ауылына байналысты. Жыл бысында басшылар, ауылдағы су жүйесі қайта жөндеуден өтті деп сүйінші сұраған-ды. Алайда, құбырдың отыз пайызына күрделі жөндеудің қажет екені көп ұзамай анық болды. ВЕРА ЧЕБОТАРЬ, ДУБОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: -Біз мүлдем үйде шомылу дегенді ұтымқалы қашан? Туысқандарымыздың үйіне барамыз. Суды көрмегелі көп болды. 2002-2010-шы жылдарға арналған "ауыз су" бағдарламасын мемлекет бекітті. Бұқара бөріктерін аспанға лақтырды қуанғаннан. Алайда, осы аптада, еліміздің қаржы полициясы, ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің лауазымды тұлғаларын қазына қаржысын қалталарына салды деп айып тағып, қылмыстық іс те қозғады. Жағалылардың, жеті облыста орналасқан отыз алты су шаруашылығын тексеруге бөлінген бір жарым миллиард теңгені суға ағызғаны анықталды. МҰРАТ ЖҰМАНБАЙ, ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: -Республиканың жеті облысында орналасқан 36 су шаруашылығының жүйелерімен, гидротехникалық құрылғыларды тексеруге "Ауыз су " бағдарламасы бойынша бөлінген 1.5 млрд теңге ұрлау фактісі бойынша ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің лауазымды тұлғалары мен өзге тұлғаларға қылмыстық іс қозғалды. ЛИМАРА САЛИХ, ТІЛШІ: Жеті мыңнан астам елді-мекенді сумен қамтамасыз етуге тиіс болған "Ауыз су" бағдарламасы қарқынды басталғанымен, бюджет қаражатын жымқырған шенділердің кесірінен аяқталмай жатып жабылған-ды. Ал, дәл осы атқамінерлер, Қазақстандағы су жүйесінің жетпіс пайызы істен шыққан, сегіз жарым мың шақырым су құбыры жедел түрде жөндеуді қажет ететінін жиналыстарда бірнеше мәрте жалпақ жұртқа жария еткен. Қалай болғанда да, бір тамшы суға зар болған бұқараның күйін түсіну қалталыларға қиын.

31 арна жаңалықтары

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар