Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жаслан Мәдиев фейсбук парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қазақстандық Higgelsfid AI стартапы $ 100 млн-ға бағаланған.
"$ 100 мл бағаланатын қазақстандық Higgelsfid AI стартапы жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, толықтай мәтіннен видео жасады. Видеоның сапасына назар аударыңыз. Олардың платформасында қазірдің өзінде сериалдар шығарылуда – өзіндік «қалтадағы Голливуд»" деп жазды ол.
Ал "Higgsfield" компаниясының бас директоры Ерзат Дулат Компанияның мақсаты озық технологияларды әзірлеп, Қазақстанның жаһандық экономикадағы позицияларын нығайту екенін айтады.
"Біздің командамызда 22 AI-инженер жұмыс істейді. Олар Қазақстандағы жоғары оқу орындарының түлектері. Арасында 6 халықаралық физика және математика олимпиадаларының жеңімпаздары бар. Әдетте, осындай мамандар шетелге кетіп қалады, бірақ қазір олар еліміздің игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз де көп. Біздің нейрожелілер 512 GPU NVIDIA бар суперкомпьютерде 9 петабайт көлеміндегі деректер жиынтығында оқытылды. 9 ай ішінде біз екі өнімді іске қостық. Олар халықаралық деңгейде мойындалды. Бұл жетістіктер бізге Google нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 25 стартап қатарына кіруге мүмкіндік берді, - дейді.
Пікір қалдыру