Австралияда бүркіт кішкентай баланы тырнағымен іліп, ұшып кетпек болған

/uploads/thumbnail/20170709042800669_small.jpg

Бұл туралы BBC News жазады. Оқиға Виктория штатындағы Alice Springs Desert жабайы табиғат бағында болған. Ер бала бақта ұйымдастырылған шоу кезінде күртешесінің алдын қайта-қайта ағытып-жаба беріпті. Жергілікті журналистердің пікірінше, баланың бұл әрекеті бүркітті ызаландырса керек. Шоуға қатысушылардың бірі бүркіттің балаға шүйліккен сәтін суретке түсіріп алған. Тырнағына іліп алған баланы бүркіт жоғары алып ұшпақ болғанда зообақ қызметкерлері құтқарып қалған. Оқиғаға байланысты шоуды тоқтатуға тура келіпті. 

Қатысты Мақалалар